1053286 Актер Саша Барон Мәскеудегі гастрольдік сапарына келмей қалған | Қазақ тіліндегі бет Қоғам

Аты шулы Борат қазақтардан қорқып, Ресейге келуден бас тартты

Жақында аты шулы сайқымазақ Саша Барон Коэн ашулы қазақтардан қорқып, Мәскеудегі гастрольдік сапарынан бас тартқан. Бұл туралы ресейлік «Котонавты» порталына сілтеме жасап abai.kz басылымы жазады.

Аты шулы Борат қазақтардан қорқып, Ресейге келуден бас тартты

Ресейлік ақпарат құралдарының жазуынша, қазіргі Голливуд жулдыздарының ішінде өзінің сайқымазақтығымен көп көзіне танылып үлгерген актер Саша Барон (Борат) ақпан айында өтуі тиіс болған Мәскеудегі гатрольдік сапарынан бас тартқан.

Айта кетейік, Саша Барон Коэн еуропалық промутерлердің ұсынысы бойынша түсірілген, өзі басты рөлді сомдайтын «Гримсбилік бауырлар» (Братья  из Гримсби) фильмінің тұсаукесерін өткізуі тиіс болған. Сондай-ақ, атақты сайқымазақтың бұл сапары барысында ресейлік жүргізуші Иван Урганттың ток шоуына қатысу және жанкүйерлермен фотосессия жасауы жоспарланған. Columbia Pictures  студиясының басшылары Саша Барон Коэнның бұл шешімі туралы түсінік беруден бас тартқан.

Ресейлік сайттың жазуынша, Саша Барон Коэн видео хабарлама қалдырып, Мәскеудегі сапарынан бас тартуға не себеп болғанын түсіндірген. Сайқымазақ Сашаның хабарламасында, Мәскеуге келуден бас тартуына, жергілікті қазақ этносы өкілдерінің тарапынан жасалған қоқан-лоққы себеп болғандығы айтылған.

«Менің Мәскеуге келуіме бірнеше тосқауыл болып тұр. Жергілікті қазақтар мені үркітіп-қорқытты. Тіпті менің қатысуыммен Мәскеуде өтетін біздің баспасөз конференциясына оншақты қазақ журналистері қатысады екен. Маған белгілі болғандай, олар алдын-ала аккредитациядан да өткен. Міне, сол қазақ журналистері «Борат» фильмі үшін мені таяқтың астына алатынын айтқан. Мен өзімді мұндай қауіпке итермелей алмаймын. Оның үстіне ашулы қазақтар Иванның (Ургант) бағдарламасында да қастандық жасауы мүмкін. Әлеуметтік желілерде таралған осы ақпараттар менің Ресейге сапарымнан бас тартуға жеткілікті болды», - деген Саша Барон Коэн.

Еске сала кетсек, Британ комигі Саша Барон Коэн қазақтарды кемсітіп көрсететін "Борат" фильмін түсіріп, әлемге танымал болды. Фильмнің үлкен дауға айналғанына қарамастан, кино АҚШ-тағы «Алтын глобус» жүлдесін жеңіп алған еді.

Мақалада: Саша Барон Коэн

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар


Пікірлер 61

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .