1051812 Ақтауда кәдімгі кір тастарының саудасы қызып тұр | Қазақ тіліндегі бет Қоғам

Қазақстандықтар Кеңес кезінде шығарылған кір тастарды екі жарым миллион теңгеге сатып алуға дайын

Ақтауда сатып алушылар бір спорттық жабдық үшін екі жарым миллион теңгеге дейін төлеуге дайын. Бірақ ол Кеңес кезінде шығарылған, әрі түбі жайпақ болуы тиіс.

Қазақстандықтар Кеңес кезінде шығарылған кір тастарды екі жарым миллион теңгеге сатып алуға дайын

Осындай тиімді хабарландырудан соң тұрғындар тіпті бір-бірінің үйіне ұрлыққа түсіп, кір тастарын алып кетіп жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Кір тасын көтеру спортына маңғыстаулықтар аса қызығушылық танытқан емес. Оны тек зілтемір, гантелдермен бірге кешенді спорт түрінде ғана қолданады. Тіпті облыста арнайы қауымдастық та жоқ, чемпионаттар да сирек өтеді. Соған қарамастан кір тасына деген сұраныс артып тұр.

Онда да сұраныстағы кір тастары жаңа болмауы керек. Кеңес кезінде шығарылған әрі онда «СССР» деген жазуы болуы тиіс. Салмағы әртүрлі: 16, 24, 32 келі. Ең бастысы – құламауы керек.

Кір тастарын сатып алушылардың хабарландыруы ғаламтор желісінде толып тұр. Олар бір спорт жабдығы үшін екі жарым миллион теңгеге дейін ұсынады. Ақшаны қолма-қол бермек. Дәл осындай ұсыныспен олар спорт залдары мен фитнес-клубтарды да аралап жүр.

"Бізге бірнеше кір сатып алушылар келіп кетті. Негізінен құламайтын тастарды сұрайды. Жүз мың теңгеден бір миллион теңгеге дейін ақша ұсынды. Тек біздің тастар олардың талаптарына сай келген жоқ", - дейді жаттықтырушы Владимир Боришполов.

Ақтаулықтар кір тастарын Алматы мен Астанаға жібереміз дейді. Ал ондағы сатып алушылар тауарды қайда аттандыратынын құпия ұстап отыр. Бұл уақытта ел арасында кір тастарына деген құштарлық едәуір атқан. Тіпті тұрғындар сол үшін бір-бірінің үйіне ұрлыққа да түсіп жатыр.

"Жармыш ауылында 1985 жылы туған ауыл азаматының аулада тұрған кір тасы ұрланып кеткен. Бұл дерек бойынша күдікті іздестіріліп жатыр", - дейді Маңғыстау облыстық ІІД ресми өкілі Жазира Әбіл.

Кеңестік кір тастарының бір сәтте бағалы боп шыға келуінің нақты себебі белгісіз. Біреулер оның құрамында құны алтыннан қымбат палладий металы бар дейді. Алайда оны ғылыми тұрғыда зерттеп көрген ешкім жоқ. Сондықтан екінші топ бұл тек алаяқтардың әрекеті деп отыр. Себебі кезінде «Зингер» тігін машинасы мен көне тоңазтқыштарда құнды металл бар деп ел арасында дүрбелең туғаны бар болатын.

Дереккөз: КТК арнасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар


Пікірлер 54

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .