1045786 Тұрғын: Әруақтар түнде жиһаздарды қозғап, терезелерді сындырады екен | Қазақ тіліндегі бет Калейдоскоп

15 ақпан 2016

Қызылордадағы әруақтар «қоныстанған» үйдің адам шошырлық құпиялары

Тақырып бойынша жаңалықтар

+0°C
  • Күн

    +0°C

  • Кеш

    +0°C

  • Түн

    +0°C

  • Ертең

    +0°C

Ашық болжамы

Бұл екі қабатты коттеджді Қызылордада тұратын адамдардың барлығы жақсы біледі. Қаланың қақ ортасында бой көтерген үйге қатысты түрлі әңгімелер әлі күнге дейін басылар емес. Көпшілікті толғандыратын бұл сұрақтың жауабын Stan.kz сайтының Қызылордадағы тілшісі де іздеп көрген еді.

Қызылордадағы әруақтар «қоныстанған» үйдің адам шошырлық құпиялары

«Арай» мөлтек ауданында орналасқан коттедж 2000-шы жылдардың басында салынған. Сол маңда тұратын тұрғындардан сұрағанымызда олар нақты уақытын айтып бере алмады. Үйдің сыртқы түрі көргісіз. Есігі ашық, терезелері сынған. Қабырғаларында түрлі жазулар бар. Ал айналасы күл-қоқыстан көрінбейді. Кейбір адамдар тұрмыстық қалдықтарын осында әкеліп төгеді екен.

Арақ ішіп, көңіл көтергісі келетін кейбір бұзақылар да осы жерді мекен етіп алыпты. Тәуекелге бел байлап ішіне кіріп, түсірілім жасадық. Қабырғалардың барлығы балағат сөздерден көрінбейді. Баспалдақтар сынған. Айналаның барлығы қоқыс. Жаураған қайыршыларды да күндіз осында кездестіресің. Ал кеш батқанда өлі тыныштық орнайды…

«О баста бұл үйде адамдар тұрған деп естідім. Бірақ, көп ұзамай көшіп кетіпті. Әруақтар маза бермеген дейді. Түнде жиһаздарды қозғап, терезелерді сындырады екен. Балаларының көзіне көріне берген соң, арттарына қарамай қашып кетіпті», – дейді сол маңда тұратын ақсақал Әуелбек Аспанов.

Қызылордадағы әруақтар «қоныстанған» үйдің адам шошырлық құпиялары

Толығырақ мағлұмат білу үшін аңызға айналған баспананың дәл жанында тұратын үйдің терезесін қаққан едік. Алайда, онда тұратындар сұрақтарымызға жауап беруден бас тартты.

Жанымыздан өтіп бара жатқан таксишілерден сұрағанымызда, коттедждің тұсында жол апаттары жиі орын алады екен. Жүргізушілер бір тылсым күштің барына сенеді. Сондықтан осы аумақтан өткенде «бісмілләсін» қайталап өтетіндерін айтады. Әруақты коттеджді сатып алуға ниет білдірген де болыпты. Бірақ егесі табылмаған.

«Менің көршім осы үйді алып, жөндеу жүргізгісі келген еді. Біреулерден бағасы 10 мың АҚШ доллары тұратынын естіпті. Бағасы өте арзан болып, егесін іздестіріпті. Бірақ таба алмаған», – дейді қала тұрғыны Ағайша Батырбекова.

Қызылордадағы әруақтар «қоныстанған» үйдің адам шошырлық құпиялары

Ал кейбір әңгімелерге сенсек, бұл коттедж банктердің бірінде кепілдікте тұр-мыс. Мұндай әңгімелердің көптігі соншалық, тіпті қайсысына сенеріңді білмейсің. Алайда әруақтар туралы аңызға сенбейтін адамдар да кездеседі.

«Бұл коттеджді салғанда құрылысқа қажетті шеге құм жанындағы ескерткіштен алынды. Ал мұнда саяси қуғын-сүргін құрбандарының мүрделері қайта жерленген. Содан әруақтар мазалап жүрген секілді. Бірақ, үйде адам тұра алмайтындай жағдай жоқ деп ойлаймын. Құрбандық шалып, иіс шығарса паналауға болады», - дейді сол аумақта тұратын Маржан Молдыбаева.

Қызылордадағы әруақтар «қоныстанған» үйдің адам шошырлық құпиялары

Расымен, дін өкілдері де қаңырап жатқан баспананы жындар жайлап кетуі мүмкін екенін айтады. Алайда исламда олар басқаша айтылады екен.

«Жалпы Ислам дінінде «әруақ» сөзі «жан», «рух» дегенді білдіреді. Осы «жан», «рух» сөздерінің көпше түрін айтқанда «әруақ» деп аталады. Әрбір мұсылман адам әруақтың бар екеніне сенгені дұрыс. Пенденің рухы денесінен шыққаннан кейін «барзақ» әлемінде болады. Рухтардың адамдармен қарым-қатынас жасайтыны жайында ешбір аят не хадис жоқ. Мұндай байланыс тек Алланың жіберген періштесі немесе жын-шайтандар арқылы ғана болады. Рух деп жүргендеріңіз жын мен шайтандар», – дейді Қызылорда қаласындағы «Құддыс-ишан» мешітінің бас имамы Жеңіс Садықов.

Қызылордадағы әруақтар «қоныстанған» үйдің адам шошырлық құпиялары

Біз де өз кезегімізде коттедж иесімен сұхбаттасып, мән-жайды білгіміз келген болатын. Алайда, оны бір рет болса да көрген немесе қалай жолығуға болатынын білетін ешкім жоқ екенін түсіндік. Ал коттедждің жанындағы көрші үйлерде тұратын жандар алдағы көктемде үйдің ішін аластап, құрбандық шалуды көздеп отыр.

Қызылордадағы әруақтар «қоныстанған» үйдің адам шошырлық құпиялары

Қызылордадағы әруақтар «қоныстанған» үйдің адам шошырлық құпиялары

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Сізді мына тақырыптар қызықтыруы мүмкін

Ақтөбеде құлағы естіп, көзі көретін робот-күшік жасалды (видео)

Роботты қарапайым еңбек пәнінің мұғалімі құрастырған

09:21
Ақтөбеде құлағы естіп, көзі көретін робот-күшік жасалды (видео)
32

Кентал мен Санда үш ай түсірген бейнебаяндарын таныстырды (видео)

Әншілер "Өкініш" атты бейнебаяндарының тұсауын кесті

17:34
Кентал мен Санда үш ай түсірген бейнебаяндарын таныстырды (видео)
24

Сапарбаев өзін «жер сатты» деп айыптаған адамды сотқа берді

Ақтөбе облысының әкімі өзін сынға алған азаматтың үстінен сотқа арыз түсірді

13:17
Сапарбаев өзін «жер сатты» деп айыптаған адамды сотқа берді
21

Олжас Құдайбергенов: Түркия Қазақстанның ішкі ісіне араласып отыр

Экономист: ҚТЛ-дің Түркияға қатысы жоқ болса, неге олар бастарын қатырады?

11:39
Олжас Құдайбергенов: Түркия Қазақстанның ішкі ісіне араласып отыр

Пікірлер 66

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .

    • TIMIL.RZ

      жеңілдік 50%

      Скидки до 50% от Лесопитомника TimIL.RZ

    • Международная школа математики 2+2

      жеңілдік 25%

      Занятия по Легоконструированию и Робототехнике со скидкой 25%!

    Сұранысқа ие санаттар