1034133 Әкім 10 жылдан бері қараңғыда отырған ауылдың жағдайын көріп, шошыды | Қазақ тіліндегі бет Қоғам

Бердібек Сапарбаев аудан әкімінің үйіндегі жарықты қидыртып тастады

Бердібек Сапарбаев 800-ге жуық тұрғаны бар Қайыңды ауылына 10 жылдан бері жарық тартпаған аудан əкімі мен орынбасарының үйінен жарықты қиюды тапсырды. Шаңғұтов Қайыңдының қиындығын шешкенде ғана үйінде жарық жаға алады.

Бердібек Сапарбаев аудан әкімінің үйіндегі жарықты қидыртып тастады

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Мұғалжар ауданының əкімі Серік Шаңғұтов бұйрықты мақұлдағаннан басқа түк дей алған жоқ. Ауданға қарайтын Қайыңды ауылының тұрғындары XXI ғасырда қараңғылықта өмір сүріп жатыр.

"Энергожүйе 35 шақырым желіні меншікке берсе, жарықпен қамтамасыз деп отыр. Соны шеше  алмайсыңдар ма? 10 жылдан бері ауыл жарықсыз отыр. Сіздің үйде жарық бар. Басқаға бас ауыртып отырған жоқсыңдар. Осы жерде жарыққа жауапты адам бар ма? Бүгіннен бастап аудан əкімі мен  орынбасарының үйіндегі жарықты сөндіріңіз. Қашан Қайыңдыдағы жарықты шешеді, сол кезде қосыңыз", - деді облыс əкімі.

Мұғалжарда 4300 адам жер кезегінде тұр. Ақтөбе облысындағы жұмыссыздар саны қысқармай отырған аудан осы Шаңғұтовтың елі. Шашауы шыққан шаруа шаш етектен. Ауданда жұмыс жасап тұрған шағын кəсіпорындар саны азайған, жұмысшылары қысқарған, салық төмендеген.

"Мен негізінен газ, су, жылуға көңіл бөліп, жол сəл кешеуілдеп қалды. Қандыағашта 32 көше бар.  Оның 11-не асфальт төселді", - деді Шаңғұтов.

"11 жыл əкім болып, 11 көшеге жол төсепсің. Əр жылға бір жол. Қалған көшені жөндеуің үшін саған 30 жыл керек пе?", - деген Сапарбаев сауалынан Шаңғұтов үнсіз құтылды.

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Сізді мына тақырыптар қызықтыруы мүмкін
68

ОҚО тұрғыны 250 мың долларды Олимпиада чемпиондарына емес, көпбалалы аналарға беруді ұсынды

Тұрғын: Еліміз егіз, үшем тапқан аналарды алқамен ғана алдап қойған

13:00
ОҚО тұрғыны 250 мың долларды Олимпиада чемпиондарына емес, көпбалалы аналарға беруді ұсынды
29

Зорланған бойжеткен: Есікте қыздарды жиі зорлайды, бірақ олар мұны айтудан қорқады

Жібек Мусинова: Мен бәрібір олардың жазасын беремін

15:00
Зорланған бойжеткен: Есікте қыздарды жиі зорлайды, бірақ олар мұны айтудан қорқады
21

Есіктегі топ болып зорлауға қатысы бар 4-ші күдіктінің есімі анықталды

Оның 1994 жылғы жас жігіт екені белгілі болды

18:20
Есіктегі топ болып зорлауға қатысы бар 4-ші күдіктінің есімі анықталды
14

Ақтау тұрғыны алты жасар қызды зорлаған адамды тауып берген жанға 100 мың теңге бермек

Сыйақы тағайындаушы: Бұл - мен үшін жантүршігерлік қылмыс

16:15
Ақтау тұрғыны алты жасар қызды зорлаған адамды тауып берген жанға 100 мың теңге бермек

Пікірлер 372

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .