982500 Жас ана: Күйеуіме түсінде президент үш қалам тарту етіпті Общество

Түсінде Назарбаевтан сыйға үш қалам алған павлодарлықтың зайыбы дүниеге үшем әкелді

Биылғы жылы үшінші рет Аяулым, Нармин және Айкерім есімді үшем дүниеге келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Түсінде Назарбаевтан сыйға үш қалам алған павлодарлықтың зайыбы дүниеге  үшем әкелді

Қыздардың салмағы - 1870, 1960, 2020 грамм, бойы - 42,44 және 46 сантиметр. Агенттік тілшісіне берген сұхбатында балалардың анасы Далия Ибадилдинова үшем дүниеге келетінін болжам бойынша білгенін айтты.

"Жолдасым екеуміз 2007 жылы отбасын құрдық. Бұл күнге дейін перзент сүйе алмадық. Сондықтан көптен күткен қуанышқа кенеліп отырмыз. Өзімнің жүкті екенімді білмегенде күйеуім түс көргенін және түсінде елбасы кіргенін айтты. Президент оған үш қалам тарту етіпті. Қалам болғанда жай қалам емес, қауырсыны болған", - дейді ана.

Ал шығыс күнтізбесіне сай түс жоруға сүйенсек, белгілі тұлғаның сыйлық тарту етуі - ұрпақ сүйетінін білдіреді екен.

"Күйеуім маған: «Нұрсұлтан Назарбаевтың үш қызы бар. Демек, біз де үш қызды боламыз» деген болатын. УЗИ түстің шындыққа айналғанын көрсетті. 5-желтоқсан күні сәбилі болдық", - дейді Далия Ибадилдинова.

Ибадилдиндер отбасы Екібастұз қаласында ата-анасымен бірге тұрады.

"Атам – бірінші топтағы мүгедек, ал жолдасым – отбасындағы жалғыз ұл. Ата-анасын күтіп, бағу – оның басты міндеті. Мен үй шаруасымен айналысамын. Күйеуім темір жолда қауіпсіздік бойынша ревизор болып жұмыс істейді. Барлық қиындықтарға қарамастан, үшем болатынын естігенде қатты қуандық", - дейді жас ана.

Перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айман Оспанованың айтуынша, Далия мен сәбилер қазіргі таңда патология бөліміне орналастырылған.

"Қыздардың бірі – анасымен бірге болса, екеуі – арнайы палатада. Оларға әзірге медициналық қызметкерлердің күтімі қажет. Алайда анасы нәрестелерін көре алады", - дейді Оспанова.

Бас дәрігердің айтуынша, балалар анасымен бірге перзентханада кем дегенде бір ай болады. Одан әрі қарай жағдай балалардың салмақ қосуына байланысты екен.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 10

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .