KZ

Ақтөбеде "тығылыспақ" ойнаған жол полицейі күлкіге қалды

Расcказать Вконтакте

10 қазанда желіге жүктелген ақтөбелік жол полицейінің әрекеті жүргізушілердің ызасын тудырды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Видеода Жаманқұлов көшесі қиылысының тасалау жерінде «204 КР 04» маркалы жол потрульдік полициясының көлігі тұрғаны байқалады. Жүргізушілердің бірі тоқтап, бейне таспаға түсіріп, полиция қызметкерінен бұл әрекетінің себебін сұрауда.

«Өз міндетімді атқарып тұрмын» деген полиция қызметкері жолаушыға өзі таныстырудан бас тартып жатыр.

«Ішкі істер министрлігінің  219 -шы бұйрығы бойынша жол полиция қызметкерлері жол қозғалысындағы барлық жүргіншілерге көрініп тұруы қажет. Сіздің көлігіңіз бұрылыстың қуысында тұр. Сіздің бұл әрекетіңізге прокуратура баға беретін болады»,- деген жолаушыға полиция қызметкері жөнді жауап бере алмай жатыр.

Видеоны мына сілтемеге басып көріңіз.

Новости Казахстана
Ақтөбеде "тығылыспақ" ойнаған жол полицейі күлкіге қалды
Mailfire view pixel