KZ
Қазақ қызы неліктен корей азаматына тұрмысқа шыққанын баяндап берді
Новости Общество

Қазақ қызы неліктен корей азаматына тұрмысқа шыққанын баяндап берді

Расcказать Вконтакте

Оңтүстік Корея еліне мұғалім болып кетіп, кейін сол ел азаматына тұрмыс құрған қазақ қызы шетелдікпен отбасын құру себептерін айтты.

Бұл туралы Gonzo.kz жазады.

“Мен Кореяға мұғалім болып барған қазақтың бір қызымын. Ол жақта қазақ тілін үйрететін университетте жұмыс жасадым. Жалпы, жұмысты алдымен ғаламтор арқылы таптым. «Қазақ тілін үйрететін ана тілі қазақ тілі болған мұғалім керек» деген хабарландыруды оқып, құжаттарымды жібердім. Екі жылдық келісімшартпен шет тілдерін оқытатын университетте қызметке орналастым. Бұл кездер өмірімнің биік белестері деп айтсам болады. Себебі шетелде қызмет істеу, тәжірибе жинау, өмірді тану мен үшін арманым болатын. Бала күнімнен шетелде білім алған адамдарға қызыға қарайтынмын. Жанымдағы дос қызым «мен тұрмысқа шыққым келеді» деп армандайтын, ал мен шетелде жұмыс істесем деп армандадым. Мүмкіндікті босқа жібермей,  тәуекелге бел буып, Кореяға аттанып кеттім. Бұл мен үшін материалдық, рухани жағынан болсын, өмірдің бір белесі болды”, – дейді өзін Бибігүл деп таныстырған қазақ қызы.

Ол Оңтүстік Кореяда мұғалім мәртебесінің тым жоғары екенін айта келе, қазақтың салт-дәстүрлерін танытуға барынша тырысқанын жеткізді.

Мақаланың жалғасын мына сілтемеден оқыңыздар.

Ваша реакция
61
13
8
10
0
46
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Mailfire view pixel