Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлағына тылсым күштер сыбырлаған қарағандылық сарбаз 5 жылға сотталды

Опубликовано:

Павлодарда Ұлттық ұланның сарбазы бес жылға бас бостандығынан айырылды.

19 жастағы қарағандылық Вячеслав Кудин әскерден қашқаны және такси жүргізушісін соққыға жыққаны үшін айыпты деп танылды деп хабарлайды КТК арнасы.

6679 әскери бөлімінің сарбазы 4-ші мамыр күні Ішкі істер департаментінің ауруханасына медициналық бақылаудан өтуі үшін жіберілген екен. Алайда емханадан қашып шыққан жігіт жолда кезіккен такси көлігіне отырыпты.

Кейін көлік жүргізушісін етігінің бауымен буындырып, өлтіруге әрекеттенген көрінеді. Шамасы жетпеген соң сарбаз қаша жөнелген. Бес күннен кейін полицейлер оны Қарағанды-Павлодар тас жолының бойынан тауып, қамауға алды.

Тергеу барысында жігіт әлдебір тылсым күштердің құлағына сыбырлаған соң осындай қадамға барғанын айтқан. Десе де арнайы жүргізілген сараптама сарбаздың ақыл-есінің дұрыстығын көрсетті. Енді ол бес жылын жалпы тәртіптегі колонияда өткізуі тиіс.

"Сотта Кудин өзі берген түсініктемелерінен бас тартып, кінәсін мойындамады. Біздің ойымызша, сарбаз көлікті тартып алып, қашпақ болған", - дейді  әскери прокурор Дінбаян Мұханбетқалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/873005-qulaghyna-tylsym-kushter-sybyrlaghan-qa/

pixel