KZ
Билік басындағылар кеңес береді: Дағдарыс кезінде қазақстандықтар ақшасын қалай үнемдей алады
Новости Общество

Билік басындағылар кеңес береді: Дағдарыс кезінде қазақстандықтар ақшасын қалай үнемдей алады

Расcказать Вконтакте

Қазақстанның ұлттық валютасы екі күнде басынан үлкен өзгерістерді кешірді. 9 тамызда теңге валюталық дәліздің ең биік шыңына жетіп, 188 теңгеден 198 теңгеге өсіп кетсе, 20 тамызда ел үкіметі теңгені еркіндікке қоя беретінін мәлімдеп, АҚШ доллары мен басқа валюталар бірден шарықтап шыға келді.

 

Осы орайда NUR.KZ дағдарыс кезінде үнемдеудің қажет екенін ескере отырып, ел ағаларының аузынан шыққан үнемдеудің ең тиімді жолдары туралы жариялайды.

Энергетика министрі Владимир Школьниктің кеңестері тығырықтан шығар жол болмақ.

Естеріңізде болса, ведомство басшысы 2014 жылы тұрғындарға бензиннің қымбаттауына жауап ретінде көршісімен қосылып, жұмысқа жетуге кеңес берген еді. "Добалдай джипке мініп, қымбат бензинді жаққанша, жетететін жеріңізге көршіңізбен жетіп қалыңыз" деген шенеунік үнемдеудің басқа жолы ретінде өзі сияқты жаяу жүру керек деген ақылымен бөлісті.

Ұлттық банк тарихында есімі алтын әріппен жазылатын төраға Қайрат Келімбетов 2014 жылдың мамырында ақша үнемдеудің бір жолы ретінде несиеге тоңазытқыш алмауға ұсынған еді. Келімбетов "несиені арқалағанша, қайдағы жоқ бір тоңазытқышсыз өмір сүрген дұрыс" екеніне сенімді.

Ел ағалары халықтан пайдалы кеңестерін аясын ба? Жұртшылық арасында үлкен талқылау туғызған басқа да пайдалы кеңестерді мына сілтеме бойынша оқыңыздар

 

Ваша реакция
56
16
0
4
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Комментарии
Mailfire view pixel