KZ
Әлеуметтік желілерде Қайрат Жамалиевті қолдау науқаны басталды (фото)
Новости Общество

Әлеуметтік желілерде Қайрат Жамалиевті қолдау науқаны басталды (фото)

Расcказать Вконтакте

Өткен жұмада ғана нүкте қойылған «Әліби ісіне» қатысты дау тағы жалғасын тапты. Бұл жолы, керісінше, сотталған кәсіпкердің туыстары халықтан көмек сұрап отыр. Соттың үкімімен келіспеген олар Қайрат Жамалиевті қолдау үшін «Инстаграм» әлеуметтік желісінде парақша ашып, ғаламтор арқылы қол жинауға кіріскен.

Бір қызығы, бұрын жас жігітке тізе батырған бизнесменді жерден алып жерге салған жұрттың біразы енді оны жақтай қалыпты.

Кәсіпкердің әйелі Алена Жамалиева енді халықтан көмек сұрауға кіріскен. «Инстаграмда» парақша ашып, күйеуіне жаза кескен судьяның үкіміне қарсылық танытыпты.

Қайрат Жамалиевті қолдау үшін ашылған бұл парақшаға бір күнде 7.5 мыңға жуық адам тіркеліп үлгеріпті.

Жамалиевтің бұрын жарияланбаған отбасылық альбомындағы эксклюзивті суреттер мына сілтеме бойынша көре аласыздар

 

Ваша реакция
29
0
3
1
0
5
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Комментарии
Mailfire view pixel