Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Майкл Джексонның атақты ақ қолғабы $65 мыңға сатылып кетті

Опубликовано:

Атақты поп-әншісі Майкл Джексонның өнер көрсеткен кездері киіп шығып жүрген ақ қолғабы аукционда  $64,8 мыңға  сатылды.

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады деп жазады ras.kz.

Онлайн-аукцион сипатында өткен шараны АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Нейт Сандерс аукцион үйі жүргізген. Оның старттық бағамы $20 мың болған.

Әзірге жеңімпаздың есімі айтылмай отыр. «Сегіз рет ставка қойылды», – деп жазылған сайтта.

Майкл Джексон  оң қолына ақ қолғап киіп, сахнаға бірінші рет 1983 жылы шықты. Кейін, 1999 жылы сұхбат алу кезінде журналистер одан неге қолғаптың біреу екенін сұрағанда, ол: «Неге біреу дейсіз бе? Себебі, біреу деген екеуге қарағанда ерекше көрінеді ғой», – деп жауап берген.

1984 жылы Джексон қолғабын өзінің тапсырысы бойынша көптеген полотно салған, кейбір шығармасы нағыз өнер туындысына айналған суретші Пол Бедардқа сыйға тартты.

Музыка әлемі тарихындағы ең жарқын жұлдыздардың бірі болған Майкл Джексон 2009 жылғы 25 маусымда 51 жасында өмірден өтті.

Оның Thriller деген альбомы барлық уақытта  халық арасында ең көп сатылған күйтабақ ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/838027-maykl-dzheksonnynh-ataqty-aq-qolghaby-65-m/

pixel