Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Сайран көлі Абай даңғылына дейін ұзарып, заманауи демалыс орнына айналады

Опубликовано:

Алматыдағы Сайран көлі заманауи демалыс орнына айналды. Қала әкімі Ахметжан Есімов абаттандырылған жағажайды аралап, дайындықпен танысты.

Демалушылардың көпшілігі көл жағасына құмар. Осы мақсатта Алматыда аптап ыстықта жанға сая болар орындар саны артып келеді. Бүгінде Сайран көлі қысқа мерзімде жарақталып, адам танымастай өзгерді. Бұрындары мұнда тұрғындар үшін шығыс жағалауы ғана қызмет көрсетсе, енді көлдің батыс бетінде де шомылуға мүмкіндік жасалды.

Бұл орынның түбін құтқарушылар бастан-аяқ тазартты. Жағажай тұрмыстық қалдықтардан аршылып, қоқыстан арылды. Бөрене, темір-терсек, бөтелке сынды қауіпті заттар сүңгуірлердің қырағы көзінен қалт кетпеді.

Енді көл маңы толығымен әкімдік бақылауында. Мұндай ескертулерді елемеген азаматтар 20-дан бастап 40 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл арқалайды. Құтқарушылар мен тәртіп сақшылары да жұмысқа білек сыбана кіріскен.

«Қазіргі таңда Әуезов ауданы бойынша 5700 шаршы метр жағажай жасалды. 50 күннен қорғайтын шатырлар орнатылды. 80-ге жуық орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Балалар ойнайтын спорт алаңдары құтқарушылардың орындары белгіленіп берілді», - деді Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Архат Омаров.

Жөндеу жұмыстарынан өткен Сайран көлімен қала басшысы Ахметжан Есімов те танысып қайтты. Бұл жағалау талай жанның сүйікті орнына айналары сөзсіз. Мұны жиналған тұрғындардың қарасынан-ақ байқауға болады. Әсіресе, олар жағажайдың жаңартылған қазіргі қалпына мәз. Биылғы шомылу маусымының ерекшелігін шығыс беткейдегі алматылықтар да аңғарды. Мұнда демалушылар үшін күнқағар, отыратын орындар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

«Қазіргі таңда 2000 тоннадан арнайы құм төселді. Көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ағаштарды санитарлық кесуден өткіздік»,- деді Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуов.

Келер жылы көл жағалауының аумағы кеңейтілмек. Алдағы уақытта жағажай Абай даңғылына дейін ұзартылмақшы. Қазір оның жобасы дайындалуда. Сондай-ақ кәсіпкерлер спорт алаңдарының санын ұлғайтып, балаларға арнап аттракциондар орнатпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/833548-almatydaghy-sayran-koli-abay-danhghylyn/

pixel