Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда қазақ тілінде хаттама толтыртқызбаған полицейлер жазаланбақ

Опубликовано:

Қостанайда хаттаманы мемлекеттік тілде толтыртқызбаған полицей жаза тартылмақ деп хабарлайды КТК арнасы.

Екі апта бұрын бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, кінәсін мойындаған Ақтолқын енді полицейлердің үстінен шағымданып жатыр. Айтуынша ереже бұзған сәт түскен таспаны көрсету үшін тәртіп сақшылары оны бөлімшеге апарып, ұзақ ұстапты.

Әрі түсініктемені қазақша жаза алмай қор болдым дейді Ақжарқын Жәнібекова. Келіншектің арызы бойынша, Ішкі істер департаменті тексеруді бастаған. Егер полицейлердің кінәсі дәлелденсе, жауапсыз қалмайды деп сендірді департамент басшылығы.

"Қызметтік тергеу жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша азаматша Жәнібековаға түбегейлі жауап беріледі. Егер де полиция қызметкерінің осы заңды бұзғаны тексеру барысында анықталса ол жазаға тартылады", - дейді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Әділбек Нұрмахин.

Ақтолқын айтуынша мемлекеттік тілді біле тұра сөйлемеген полицейлер оған айыппұлдың екі тарифін ұсыныпты. Хаттама қазақша толтырылса 20 мың, орысша толтырылса екі есе арзан.

"Переводчик требуется деген жерге «нет» деп өзі жазды. Қағаздың барлығын ол өз қолымен толтырды. Тек қана «я проехала на красный» дегенді әріптеп отырғызып жаздырды. Менің бетіме қарап, «если вы принципиально я тоже принципиально» деп", - айтты дейді Ақтолқын Жәнібекова.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қостанайда полицей жол ережесін бұзған тұрғынды хаттаманы орыс тілінде жазуға мәжбүрлегенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/820238-qostanayda-qazaq-tilinde-khattama-tol/

pixel