Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жұлдыздар жазғы демалысын қалай өткізбек? (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық өнер  адамдарының бірқатары жазғы демалысында құлшына еңбек етсе, енді бірі демалысын туған жеріңде өткізгенді қалайды деп хабарлайды 31 арна.

Әнші Айқын Төлепбергенов жазда "жұлқынып" жұмыс істеуге кірісіп кетті. "Гөлайттап жүріп жазды алған, шырылдауық шегірткенің" кебін кигісі жоқ. Шоу-бизнестегі кейбір әріптестері сынды да теңіздің жағасында дем алуды қаламайтын болып шықты.

Соңғы уақытта әншіге деген сұраныс елімізде ғана емес, шет елде де артқан. Шілденің шіліңгір ыстығына қарамастан  бүгінде жұмысы қыза түскен. Жаз бойы Айқын Қытайдың 12  қаласында концерт өткізуді  көздеп отыр.

Осылайша ми қайнатар ыстық күндерде Айқын дем алмай шығармашылығын шыңдауда. Сөйтіп, алыс жақын шетелде танымалдылығын арттырмақ.

Үнемі халықтың алдында  жүрген танымал өнер иелері сахнадан, той- думаннан, халықтың назарынан шаршағанда шетел асып  демалып, жағажайларда бала- шағаларымен арқа -жарқа рахаттанып қайтуды қалайды. Әнші Нұрлан Еспанов та шетелде дем алудан алдына жан салмайды.

Әнші аптап ыстықта қалаға сыймай кететінін жасырмайды. Оның ойынша, әрбір адам жазда сергіп, өзенге шомылып, жағажайда  күнге қыздырынып жату  қажет деген пікірде. Сондықтан болар, ол  әр жыл сайын отбасын алып  шетелге қыдыратынды  әдетке айналдырған. Филлипин елінің Себу аралы, Қытайдың солтүстігінде орналасқан тропикалық Хайнань аралы, Түркияның Анталиясына жиі сапарлап дем алатын көрінеді.

Дегенмен, маусымның соңына жоспарланған демалысы Нұрланның төртінші рет әке атанып,  дүниеге қыз баланың   келуімен кейінге шегерілген  екен. Алайда, әнші жақында тағы да  Түркияда теңіз жағасында демалысын өткізбек. Бұл жолы да жалғыз емес, әрине.

Әнші әрі продюсер Майра Ілиясова жылына бір рет келетін демалыс мезгілінде немерелеріне көңіл бөледі екен. Жыл бойы тыным таппай еңбектенген жұлдыз дұрыс демалуды да жақсы көретін болып шықты.

Әнші жазда  денсаулығына аса қатты  мән береді екен. Шипажайларда ем қабылдап, көркіне көрік беріп, сымбатына сымбат қосуды  көздейді. Бүгіннің өзінде 76 келі салмақ тартатын әнші аттай 11 келіге арықтаған.

Бұғының қанын, жылқының саумалын ішіп денсаулығына ерекше  күтім жасайтын жұлдыз  жазғы демалыстарын мамыр айынан бастап кеткен. Париж, Дубай, Қытай, Испания. Бұл әншінің жазғы демалысында өткізген көрікті орындары. Енді, әнші туған өлкесі - Тарбағатайда дем алып қайтпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/815423-qazaqstandyq-zhuldyzdar-zhazghy-demaly/

pixel