Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандының қоқысын жинаушылар қаланы тазартудан жаппай бас тартты

Опубликовано:

Қарағандын қаласының тазалығына жауапты мекеменің жұмысшылары соңғы екі айдан бері жалақы көрмеген. Олар көше сыпырып, қоқыс жинауға шықпаймыз деп наразылық білдірді деп хабарлайды КТК арнасы.

Мамырдың еңбекақысын алмаған жұрт шілде айы кірсе де соқыр тиынсыз жүр. Ал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі болса, тиісті қаражат мекеменің шотына аударылғанын айтуда. Енді екі ортада еңбеккерлер кімнен ақы дауларын білмей отыр.

Жұмысшылар Қарағандының басым бөлігін алып жатқан Қазыбек би ауданындағы жолдарда күні-түні жүреді.

Аптап ыстық, жауын, күздің қара суығы немесе қыстың 40 градус аязына үндемей шыдаған олар ақыры бас көтерді. Себебі, жалақыдан жалақыға дейін әзер ілініп жүргенде, енді оның екі айдан бері берілмеуінен тіпті тұралап отыр.

Жұмысшылардың мұңын тыңдауға келген коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы бәріне мекеменің директорын кінәлады. Айтуынша, мемлекеттен қарастырылған қаржы бұлардың шотына артығымен аударалып қойыпты-мыс.

Алайда мекеме басшысы шенеуніктерге мүлдем кереғар пікірде. Соңғы рет қаражатты мұндағылар сәуір айында көрген.

Басшылар осылай бір-біріне сілтеп отырғанда, екі ортада еңбеккерлер кімнен маңдай тер ақыларын дауларын білмей отыр.

Мекеме басшысы ақшасыз отырған жұмысшыларын көшеге қуып шығара алмайтынын жасырмайды. Бірақ есеп-қисапты реттеу үшін биліктегілермен келісөз жасауға әзір екен. Өйткені шенеуніктердің айтқанының қисынсыз екені айдан анық дейді ол.

Ымыраға келе алмаса, құзырлы органдардан төрелік іздемек. Ондай жағдайда қаладағы тазалықтың жайына қалатынынын да жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/805705-qaraghandynynh-qoqysyn-zhinaushylary-qa/

pixel