Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақша роктың жұлдызы Әсем Көпбаева ана атанды

Опубликовано:

«Жалт етіп өткен» әнімен ел ішінде есімі жақсы таныс Әсем ана атанды деп хабарлайды baistars.kz сайты.

Бейсенбі күні дүниеге келген бөбектің салмағы -  3 келі 200 грам. Бүгінде  баланың да, ананың да жағдайы жақсы.

Олардың жай-күйін отағасы Нұрғиса Әлмұраттан сұрап білдік. «Жұлдыз FM» толқынының жүргізушісі мен Әсем Көпбаеваның отбасын құрғанына бір жылдан асты.

Тұңғыш перзентінің есімін ата-әжесі  ойластырып қойған. Жаңа нәрестеге берілген есім —  Арифа екен. Араб тілінен аударғанда «данагөй, ақылды» деген мағынаны береді.

Рок жанрында ән салудан алдына жан салмайтын әнші, енді тұңғышын тәрбиелеумен айналысады. Алайда, бұл Әсем өнерден кетеді деген сөз емес.

Ал, алғаш рет әке атанған Нұрғиса өз мамандығымен, яғни режиссерлікке кірісіп, жаңа жобалар жетекші болып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/745860-qazaqsha-roktynh-zhuldyzy-asem-kopbaeva/

pixel