Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бұрын естіп-білмеген атаулар тұрғындарды таңқалдырды (видео)

Опубликовано:

Шымкентте дүкендер мен асханалардың бұрын естіп-білмеген атаулары пайда болыпты. Тұрғындар жекеменшік нысандар саны қаншалықты көп болған сайын, көзге оғаш, құлаққа түрпідей тиетін мағынасыз сөздердің де жиілегенін айтады.

Өңірде 8 мың жекеменшік нысанның бес жүзінің атауы заңға қайшы екен. Ал, құзырлы органдар,  әзірге жекеменшік нысандарын тексере алмаймыз деп отыр. "Кафе-мафе", "Пицца-мицца", "Мәнтіхана", "Шашлыкстан" секілді атаулардан бөлек мемлекеттік тіл туралы заңдылықты бұзатын атаулар мен жарнамалар көбейгені жергілікті тұрғындарды да мазалай бастаған. Мұны ғалымдар қазір "Құндылықтардың құнсыздануы" деп атай бастады дейді шымкенттік ұстаз - Сағымбек аға."Мысалы бір кафе бар "Сытый папа" деген. Ол не, біртүрлі ерсі сияқты. Немесе "у Ларисы" дейді, "у Ксюши" деген аттар бар. "Барбюки" дейді. Сол атауларды мемлекеттік тілге көшірген дұрыс болар деп ойлаймын", - дейді мемлекеттік педагогикалық институттың профессоры.Қаланың қақ ортасында Сіргелі немесе Жаныс деп руын жарнамалау да әдепке томпақтау келеді дейді көпшілік жұрт. Асхана мен дүкендер атауларына да мән бермейтініміз шындық дейді жастар жағы. Олар мағынасыз аттардан мейлінше қашқан дұрыс деп есептейді. Құзырлы орындағылар облыстағы 8 мың жеке меншік нысанға биылғы жылдың шілде айына дейін тексеру жүргізе алмайтынын айтады. Талдау жұмыстары олардың 500-ге жуығының атаулары заңға қайшы екендіктерін көрсеткен. Тексеру мекемелері әзірге әдістемелік нұсқаулықтар дайындаумен ғана шектеліп отыр.Қалай болған күннің өзінде жұртшылық тіл заңдылығымен қатар, бөлінушілікке жол бермейтін, әдеп пен ардан аттамайтын, затына аты сай атаулардың көптеп қойылғаны дұрыс деп есептейді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/363737-shymkentte-byryn-estip-bilmegen-ataular-tyrgyndardy-tankaldyrdy-video/

pixel