Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий қалың мұздың құрсауында қалды

Опубликовано:

Үскірік аяздан Каспий де қалың мұздың құрсауында қалды. Соңғы рет теңіз жағалауы дәл осылай 12 жыл бұрын қатқан деп хабарлайды КТК арнасы.

Дәл сол кезде солтүстік Каспийді мекендеген аққулар аштан қырылып қалған еді. Қазір Каспийдің оңтүстік жағалауынан 500 метрге дейінгі қашықтықта мұз сіресіп жатыр.

Кеше ғана асау толқынға төтеп беріп тұрған айлақтар бүгін мұз дәуірінен қалған ескерткіштей болып қалған. Теңіздің тұзды суының қатып қалуы табиғатта өте сирек кездесетін жағдай.

Каспийде түрлі құстардың қыстап шығуға үйір болуы да сондықтан. Мұз ерімесе, теңіз бетін мекендеген құстарды құтқару жұмысы басталмақ.

"Аққулар мұз құрсауында қалса, шұғыл шара қолданылады ғой. Ең бастысы жеммен қамтамасыз ету. Екіншіден мұз құрсауынан аққуларды құтқарып алу қажет болады", - дейді Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орынбасар Тоғжанов.

Мамандар Ақтауда соңғы бірнеше күнде сақталып тұрған 20 градустық аяздың беті апта соңында қайтуы тиіс деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/352067-kaspij-kalyn-myzdyn-kyrsauynda-kaldy/

pixel