Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ішімдікті кез келген жерде сатуға тыйым салынды

Опубликовано:

Ішімдік айналымына заң тұрғысынан шектеулер қойылып, алкоголь өндірушілеріне тықыр таянды. Енді ащы сусын саудалайтын кәсіпкерлер жыл сайын қосымша төлемдер енгізілген лицензиялық жиынтық төлейтін болады.

Онымен қоса, енді спирттік өнімдерді кез келген жерде сатуға болмайды. Спирттік ішімдіктің айналымына қадағалау күшейді. Елімізде арақ-шарап өнімдерін тұтыну мен оның сатылымына заң жүзінде бірсыпыра шектеулер қойылды. Олар алкоголь өнімдерін бөлшек немесе көтерме сауда да сату мәселесін қатаңдату, әрі реттеу мақсатында енгізілген.

Енді арақ-шарап өнімдері кез келген жерде сатылмайды. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңына енгізілген толықтырулар мен өзгертулерге сәйкес, спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынатын орындар қатары көбейді.

"Алкоголь өнімдерін денсаулық сақтау, дене шынықтыру, сауықтыру, спорт ұйымдарының ғимараттары аумақтарында және мәдени орталықтарда, жанар май құю бекеттерінде сатуға да, сақтауға да тыйым салынады. Егерде заңға бағынбаса, алғашқы ескертуде, кәсіпкердің арақ өнімдерін сатуға берілген лицензиясы тоқтатылады", - деді Алматы қалалық  мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Әліби Маратұлы.

Сонымен қатар, жыл басынан күшіне енген заңға сәйкес, ащы сусындарға қосымша төлемдер енгізілген лицензиялық жиынтық төленетін болады. Жыл сайын бөлшек сауда алып сатарларына 100, көтерме сауда иелеріне 200 АЕК жүктелді.

Ал 52 жыл бойы шарап өндірісімен айналысып келе жатқан кәсіпкер Рудик Мнацаканян "заңдағы көптеген өзгертулер мен шектеулер өндіріс көлеміне әсер етеді. Бірақ заңды белден баса алмаймыз, заңға бағынбасқа шара жоқ", - дейді.

"Сауда-саттыққа қойылған шектеу – өндіріс көлеміне тікелей әсер етеді. Дегенменде, біз заңды айналып кете алмаймыз. Заңға бағынамыз. Бірақ заң жүзінде қойылған шектеулер арақ-шарап өнімдерінің сатылымына айтарлықтай әсер етіп отырғанын байқамадым. Уақытқа, жас ерекшелігіне қатысты шектеу болғанымен, мейрамхана, сырахана, кафелерде спирттік ішімдіктер еш шектеусіз сатылып келеді", - деді "Винзавод Каргалинский" ЖШС бас директоры Рудик Мнацаканян.

Қазіргі кезде Қазақстан экспортқа 1 млн литр арақ, ал импортқа 40 млн литр спирттік ішімдікті шығарады екен. "Халықаралық шарап пен спирттік ішімдіктер нарығын зерттеу ұйымының" мәліметін сөйлетсек, 2012 жылы дүние жүзі бойынша 4 миллиард 440 мың литр арақ тұтынылған.

Оның тең жартысына жуығын Ресей тұрғындары пайдаланған. Оның ішінде Қазақстан да бар. Тілге тиек етсек, елдегі алкоголь өнімдерін саудалайтын 46 мыңнан аса "бөлшек" және 1,5 мыңға тарта "көтерме сауда" нысандары жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/351938-kazakstanda-ishimdikti-kez-kelgen-zherde-satuga-tyjym-salyndy/

pixel