Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда интернет пайдаланушылар саны 648 млн адамға жетті

Опубликовано:

Қытайда 2014 жылдың соңында Ғаламторды пайдаланушылардың саны 648 млн адамға жетті. Бұл осы жылдың маусым айындағы көрсеткіштен 16 млн артық, деп хабарлады "Синьхуа" агенттігі.

Қытайлық ғаламтор желісінің ақпараттық орталығы жетекшісінің орынбасары Цзинь Цзяньның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта "онлайн-экономика" Қытайдың ішкі жалпы өнімінің 7% құрайды, өткен жылы оның үлесі 3,3% болған.

"Ғаламтор пайдаланушыларының 70% виртуалды кеңістіктегі қауіпсіздік мәселесі алаңдатады, соның ішінде жеке мәліметтердің таралуы", - деді ол "Бэйцзин жибао" газетіне берген сұхбатында.

Қытайлық ғаламторды пайдаланушылар тауарды ғаламтор арқылы сатып алуды жөн санайды. Осылайша, 2014 жылдың алғашқы 10 айында онлайн-сатылым 331 млрд. юаньды құрады, бұл 2013 жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 55,6% артық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/351412-kytajda-internet-pajdalanushylar-sany-648-mln-adamga-zhetti/

pixel