Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүргізушілерге жаңа медициналық қобдиша сатып алудың қажеті жоқ

Опубликовано:

Қазақстандықтарға жаңа автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасын сатып алу қажет емес, оның құрамын автокөлік иелері өз бетімен жаңарта алады.

Жаңа автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасын алу бойынша міндетті талаптар жоқ, қазақстандықтар олардың құрамын Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес өз бетімен жаңарта алады.

2014 жылғы 18 қарашада "Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №368 бұйрығына өзгерістер енгізілгенін бұрын хабарлағанбыз.

Алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамы туралы бұйрық 2015 жылғы 11 қаңтардан күшіне енген еді.

Ал автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының құрамы көлік құралы жағдайында дәрілік заттарды сақтауда температуралық режимді сақтау мүмкіндігі жоқтығынан өзгертілді.

Оның ішінде сутегі тотығының 3% ерітіндісінен басқа барлық дәрілік заттар алынып тасталды. Бұл құрам еуропалық елдердің нормаларына сәйкес әзірленді және Ресей мен Беларусьтегі автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының құрамына сай келеді.

Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамына кіргендер: сутегі тотығының 3% ерітіндісі (1 флакон), зарарсыздандырылған дәке бинті 5м *10 см (1 дана), зарарсыздандырылмаған дәке бинті 5м *10 см (1 дана), зарарсыздандырылмаған дәке бинті 7м *14 см (1 дана), зарарсыздандырылған медициналық дәке салфеткалар (1 дана).

Зарарсыздандырылған таңу пакеті (1 дана), зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 г (1 дана), қан тоқтатқыш жгут (1 дана), бактерицидті лейкопластырь (5 дана), медициналық лейкопластырь (1 дана), эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3, 6 (бір бірден), зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптар (1 жұп), доғал ұшты қайшылар (1 дана).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/349603-zhyrgizushilerge-zhana-mediczinalyk-kobdisha-satyp-aludyn-kazheti-zhok/

pixel