Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар айындағы жылы ауа-райы Қазақстан үшін рекордтық емес

Опубликовано:

Соңғы күндері қаңтарда орнатылған жылы ауа-райы Қазақстан үшін рекордтық емес, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына "Қазгидрометтің" синоптик инженері Әлия Оспанова.

Оның айтуынша, іс жүзінде бүкіл ел аумағында орын алған жылымықтың себебі Жерортатеңізі циклоны болып табылады.

"Бүкіл ел бойынша байқалаған ауа температурасының мұндай өсуі ауа-райының кестесіне сәйкес жүріп жатқандығын, бірақ абсолюттік максимумға әлі ерте екендігін аап өткен жөн. Біз 2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі деректерді алдық - осы жылдары ерекше жылы ауа райы 3 қаңтар 2002 жылы мен 2007 жылғы 31 қаңтарда Астанада ауа температурасы 3 градусқа дейін жылынған. Ал 2002 жылдың 4 қаңтарында Шымкент қаласында ауа температурасы 20 градусқа дейін көтерілген", - деді Оспанова телефон арқылы.

Синоптик атап өткендей, 2002 жылғы 7 қаңтарда Алматы қаласында ауа температурасын 18-градусқа дейін жоғаылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/348569-kantar-ajyndagy-zhyly-aua-rajy-kazakstan-yshin-rekordtyk-emes/

pixel