KZ
Сарапшы: 2015 жыл отбасын құрып, бала сүю үшін қолайлы жыл болады

Сарапшы: 2015 жыл отбасын құрып, бала сүю үшін қолайлы жыл болады

Расcказать Вконтакте

Жылдың басты мерекесін қалай дұрыс атап өту керек деген сауалымызға астролог-кеңесші Надежда Эливанова жауап берді, деп хабарлайды BNews.kz tomsk.ru сайтына сілтеме жасап.

"Келер жылдың иесі – қой. Кейбіреулер ешкі жылы деп жатады. Ал қытайда жылдың екі атауы тек бір ғана иероглифпен белгіленген. Биыл ағаш әрі көк түсті қой жылы деген наным бар, яғни дастархан жаярда осы ерекшеліктерді ескерген жөн", - дейді сарапшы.

Қой ауылды мекендейтін жануар болғандықтан, Жаңа жылды қаланың қақ ортасындағы пәтерден гөрі қала шетіндегі немесе ауылдағы жер үйде атап өткен дұрыс. Клубтар мен мейрамханалар да келер жыл иесіне жат. Қой отбасылық құндылықтарды құп көреді, сондықтан 2015 жылды жылы отбасылық ортада қарсы алған адамның жолы болады.

"Жыл иесінің көңілін табу үшін үстелде өсімдіктер мен көкөністерден жасалған салаттардың, жеміс-жидектердің мол болғаны жақсы. Етті тағам қоймай-ақ қойған дұрыс, бірақ етсіз тәбетіңіз ашылмаса, тағамға балық немесе тауықтың етін пайдаланған абзал. Сондай-ақ сүтті-ірімшікті өнімдерді де ұмытып кетпеңіздер", - деп кеңес береді астролог.

"Қой – қырсық болғанымен, отарынан шет қалмайтын ұйымшыл жануар. Демек, отбасылық құндылықтарды жоғары бағалайды деген сөз. 2015 жыл отбасы құрып, бала сүю үшін қолайлы жыл болады. Әсіресе Егіздер, тіпті көп отырып қалғандарының өзі, теңін тауып, отбасын құрады. Қаржы мәселесіне келетін болсақ, жаңа бастамаға назар бөлмеген дұрыс, себебі әлемдегі экономикалық жағдай әлі де тұрақтана қоймайды. Алайда әлемдегі дағдарыс Торпақтардың табысына аса әсер ете қоймайды", - деп қорытты сарапшы.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel