Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ жерінен дәрілік шөп жинап жүрген қытайлықтар ұсталды

Опубликовано:

Қазақ-қытай шекарасындағы Жоңғар Алатауындағы Жаркент шекара отрядына қарасты "Алмалы-су" заставасының шекарашылары Қазақстанда қызыл кітапқа енгізілген пияу жинап жүрген белгісіз төрт қытайлық азаматты ұстады.

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады. Ұсталған адамдар Қытай елінің азаматтары болып шықты. Олар Қазақстан Республикасының аумағында пияу деп аталатын дәрілік шөптерді заңсыз жинап жүргендіктерін мойындады.

Жеке заттарын қарау кезінде салмағы 20 келідей болатын аталған шөптің тамыры мен оны қазуға қажетті құрал-саймандар табылды.

Атап өтейік, пияу дегеніміз қытай медицинасында дәрі жасау үшін кеңінен қолданылатын дәрілік шөп болып табылады. Анықтау шараларын жүргізу үшін ұсталғандар құқыққорғау органдарына берілді.

Оларды ҚР ҚК 391-бабы 1-бөлігінің 3-тармақшасы бойынша (мемлекеттік шекараның режимін бұзу) жауапкершілікке тарту көзделіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/319921-kazak-zherinen-derilik-shop-zhinap-zhyrgen-kytajlyktar-ystaldy/

pixel