KZ

"Ринго" тобының әншісі 10 еуроға киінетінін мойындады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

"Ринго" тобының әншісі 10 еуроға киінетінін мойындады. Белгілі әнші Данияр Өтеген тікелей эфирде тек жеңілдікпен киім алатынын мойындады.

28 – сәуір күні "Қазақстан" телеарнасында "Әйел бақыты" ток – шоуында жеңілдіктер науқаны жайында әңгіме қозғалды. Бағдарлама барысында өзіндік стилі қалыптасқан жұлдыз таяуда Париж қаласынан небәрі 10 еуро тұратын киімен келгенін мойындады. Жаппай сатылым науқанына тап келген сапар Даниярдың қалтасы үшін тиімді болса керек.

Бағдарлама барысында, экономист маман, шын мәнінде жеңілдіктер науқанында ұтамыз ба, әлде бұл жай маркетингтік алдау тәсілдері ме? Сұрақтарға тұшымды жауап берді. Толық нұсқасын осы жерден көруге болады.

http://kaztrk.kz/kaz/telekanal/program_archive/51159.html#go.

Айта кету керек, "Әйел бақыты" ток шоуы тікелей эфирде шығатын әйелдер өмірі туралы барлық тақырыптарды қамтитын жалғыз бағдарлама. Ол жұмыс күндері 15.05 – те "Қазақстан" арнасында шығып тұрады.

Новости Казахстана
"Ринго" тобының әншісі 10 еуроға киінетінін мойындады
Mailfire view pixel