Астана-Қарағанды тас жолы cудың күрт көтерілуіне байланысты жабылды
Опубликовано:
Бұл туралы "Қазақавтожол" РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Ақмола облысында 1 сәуір 02.00-ден бастап Бүйректал өзеніндегі судың күрт көтерілуіне, уақытша айналма жолды су басуына байланысты барлық автокөлік түрлері үшін "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 1275-1353 шақырымы аралығында, Қарағанды облысындағы Жібек жолы учаскесінде көлік қозалысына шектеу қойылды.
Ақтөбе облысында боранға байланысты 31 наурыз 18.00-ден бастап "Ақтөбе-РФ шекарасы" жолының бойында 39-135 шақырымы аралығындағы жол барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.
Қарағанды "Екатеринбург-Алматы" жолының 1353-1364 шақырымы аралығындағы "Ақмола облысы шекарасы - Осакаровка" учаскесінде барлық көліктер үшін жабылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/308149-astana-karagandy-tas-zholy-cudyn-kyrt-koteriluine-bajlanysty-zhabyldy/