Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық отбасы сағат жөндеу кәсібімен 55 жыл айналысып келген

Опубликовано:

Қазақстанның гинес рекордтар кітабы тағы бір құнды өнермен толықты. Алматылық бір отбасының сағат жөндеумен айналысқанына 55 жыл болыпты.

Ал бұл өнер олардың тек күнкөріс көзіне ғана емес, сондай-ақ сүйікті ісіне де айналған. Міне 55 жылдың жүзі болды, Шерхановтар отбасы сағат жөндеуде алдарына жан салмай келеді.

Қазіргі таңда үйдің үлкені Мавлюда Шерханова бұл құнды өнерді кішікентай ғана шеберханада өзі ұйымдастырып отыр. Тіпті жарты ғасырлық тарихы бар дүние ҚР-ның рекордтар кітабына енген.

Мавлюда Шерханованың әкесі кезінде Брежневтің сағатын қайта қалпына келтіріп берген екен.

"Тіпті Брежневтің сағатын жасап берген болатын. Бірде Брежневтің сағаты тоқтап қалып, Қонаев оған жақсы сағат жөндейтін шеберім бар деп біздің әкемізді ұсынған. Тоқтап тұрған сағатын жөндеп беріп, одан үлкен алғыс алған",- дейді сағат жөндеудің шебері Мавлюда Шерханова.

Сағат жөндеу өнерін әкесінен ең алғаш үйренген Әбдрашид Шерханұлы қазір дәстүрді жалғастырып, өзінің балалары мен немерелеріне отбасылық өнердің қыр сырын меңгертуде. 41 адамнан тұратын сағат жөндеушілер бүгінгі уақытқа дейін 500 мыңнан астам сағат жөндеп улгерген. Тіпті бұл шеберханаға сағатын жөндетуге ұдайы келетін жандар да бар.

"Мен Абдурашит ағаның кезінде сағатымды жөндеткен болатынмын. Балаларын да жақсы білемін. Сағат жөндедуде ешкімге дес бермейді. Балалары сағат жөндеуге үлкен жауапкершілікпен қарайды", - дейді Ағабек Бадалов.

Ал Мавлюданың баласы 1986 жылдан бастап сағат жөндейді екен. Ол да құнды өнерді атасынан үйренсе керек.

"Менің ойымша бұл біздің қанымызда бар дүние. Сағат құрастырып, жөндеу маған өте қызықты. 1986 жылдан бері сағат жөндеуді үйренгем. Тіпті әскерде де офицерлердің сағатын жөндейтін едім", - дейді сағат жөндеудің шебері Ділмұрат Шерханов.

Жарты ғасырын бір салаға арнаған отбасы сағаттардың жаңа детальдарын жасап, алдағы уақытта жөнделген сағат көрсеткішін одан әрі ұлғайтуды мақсат тұтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/303452-almatylyk-otbasy-sagat-zhondeu-kesibimen-55-zhyl-ajnalysyp-kelgen/

pixel