Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германия ғалымдары: Биыл жазда тарихта болмаған аптап ыстық болады

Опубликовано:

Германия сарапшылары 2014 жылдың жазы ыстық болады, тіпті кей жерлерді құрғақшылық қысуы мүмкін деп болжауда.

Биылғы жаз тіпті тарихтағы ең ыстық маусым болуы мүмкін, деп жазады Росбалт.

Сарапшылардың сөзіне қарағанда, "Эль-Ниньо" атты табиғи құбылыс жаздың ыстық болуына себеп болады. Бұл құбылыс өте сирек кездеседі. Ол Тынық мұхитының экваториалық бөлігіндегі су температурасының көтерілуінен пайда болады.

Соның салдарынан жел бағыттары өзгеріп, нәтижесінде бір жерде құрғашылық, ал кейбір жерлер, керісінше су астында қалып, толассыз жаңбырдан көз ашпауы мүмкін.

"Эль-Ниньоны" әбден зерттеген ғалымдардың пікірінше, құбылыс толық құрылып болды. Демек бірқатар табиғи катаклизмалар 2014 жылға дөп келуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/303064-germaniya-galymdary-biyl-zhazda-tarihta-bolmagan-aptap-ystyk-bolady/

pixel