Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бельгияда кәмелеттік жасқа толмағандарға эвтаназия қолдануға рұқсат берілді

Опубликовано:

Бельгияда төменгі палата депутаттарының басым бөлігінің дауыс беруімен кәмелеттік жасқа толмағандар үшін эвтаназияға рұқсат беру туралы заң қабылданды.

Заңды қолдап дауыс берген депутаттар саны - 86, қарсы болғандар - 44, қалыс қалғандар - 12. Заң жақын арада өз күшіне енеді, деп жазады ИТАР-ТАСС. Бұл заң кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының келісімімен немесе баланың әрекетке қабілеттілігі болмаған жағдайда ата-анасының эвтаназия туралы өтініш беру құқығын қарастырады.

Мұндай өтініштер бала жазылмайтын сырқатқа шалдыққанда "денесінде және жан дүниесінде үнемі азаптар сезінгенде" және "оларды жеңілдету мүмкін болмаған жағдайда" ғана қанағаттандырыла алады. Сондай-ақ баланың "өзінің шешімдерінің салдарын толық сезінетіні" туралы психологтың нақтылауы да қажет.

Жақында қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнамаларға сәйкес, Бельгияда эвтаназия практикасын оған мұқият медициналық бақылау жүргізген жағдайда халықтың 75% қолдайды екен. Аталмыш елде балалардың эвтаназияға құқығын талқылау 2008 жылдан басталған, Бельгия парламентіндегі осы мәселеге қатысты пікірталастар БАҚ бетінде жарық көріп отырған. Заң авторларының ойынша, ол қолданысын табатын балалар елде өте аз.

Олар кәмелеттік жасқа толмағандар 1998 жылдан бастап эвтаназияға құқық алған Нидерланды елінің статистикасын келтіреді. Өткен 15 жыл ішінде онда кәмелеттік жасқа толмағандар эвтаназиясының небәрі сегіз жағдайы ғана тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/302399-belgiyada-kemelettik-zhaska-tolmagandarga-evtanaziya-koldanuga-ryksat-berildi/

pixel