Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұңғышбай Жаманқұлов: Қазақстанда кім көрінген "мәдениет қайраткері" боп алған

Опубликовано:

ҚР Театр қызметкерлері одағының төрағасы мәдениет қызметкерлерін дайындау ісі сала министрлігінің құзырына басыбайлы берілуі қажеттігін айтты.

Бұл туралы бүгінгі үкімет отырысында Тұңғышбай Жаманқұлов мәлімдеді.

"Бүгінде жергілікті театрларға қадрлар тапшы. Сондықтан мәдениет қызметкерлерін даярлайтын жоғары оқу орындары Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырына берілуі қажет", – деді одақ төрағасы.

Жаманқұловтың айтуынша, мұндай тәжірибе еліміздегі өзге салаларда бар. Мәселен, Ішкі істер министрлігі өз кадрларын өздері дайындайды.

"Әрине, еліміздегі оқу орындары мәдениет саласының қызметкерлерін оқытуын оқытады, алайда олардың ертеңгі күні жұмысқа орналастыру мәселесін шеше алмайды", – деп толықтырды сөзін Тұңғышбай Жаманқұлов.

Оның пікірінше, театрдағы өзекті мәселелерді шешуге шетелден мамандар шақырту қажет. Бірақ оған көбіне қаражат жетіспейді. Сондай-ақ, ол "Еңбек сіңірген қайраткері" атағы тек қана мәдениет саласының қызметкерлеріне берілуі тиіс екенін сөз етті.

Театр қызметкерлері одағының төрағасының айтуынша, қазір кім көрінген “мәдениет қайраткері” атанып жүр. Қынжылтатыны, мұндай атақ агрономға да, сауыншыларға да беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/302030-tyngyshbaj-zhamankylov-kazakstanda-kim-koringen-medeniet-kajratkeri-bop-algan/

pixel