Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 4 адам газдан уланып қайтыс болды

Опубликовано:

Шымкентте түн ішінде төрт адам иістеніп көз жұмды. Облыс бойынша тағы 11 адам табиғи газдан зардап шеккен.

Жалпы, өңірде жаңа жылдан бері газдан улану оқиғасы тыйылмай отыр. Бұл осымен төртінші қайғылы жағдай, деп жазады Otyrar.kz

Оқыс оқиғаның бірі Шымкенттегі Өмірбек Жолдасбеков көшесінде орын алған. Жедел жәрдем жеткенше 21 жастағы қыз бен 55 жастағы әйел көз жұмды. Олар көмірқышқыл газына уланыпты.

Тағы бір төтенше жағдай Сарыағаш ауданының Дербісек ауылында тіркелді. Үй ішіне жиналған табиғи газ жарылып, 11 адам зардап шеккен. Оның ішінде 6 бала, екі жасөспірім және үш ересек адам бар. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Қайтыс болғандар жоқ.

ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Арман Әсібековтің айтуынша, ол үйде табиғи газ тараған. Нәтижесінде ауа сұйықтылығы газбен арласып, жарылыс болды.

Бұл факті бойынша арнайы комиссия құрылып, себебі анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/300683-shymkentte-4-adam-gazdan-ulanyp-kajtys-boldy/

pixel