Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлын босанған әйелдің ұйқы кезінде жүрегі тоқтап қалды

Опубликовано:

Оралда ұлын дүниеге әкелгеннен кейін бірнеше күн өткен соң, анасының жүрегі ұйқы кезінде тоқтап қалған.

Жаңа босанған әйел 26 рет клиникалық өлімді басынан өткерді. Дер кезінде үлгерген дәрігерлер науқасқа көмек көрсетіп, жүрек ырғағын қайта қалпына келтіріпті.

"Босанған соң, қатты ауырдым. Алдымен екінші, артынша үшінші перзентханаға апарып, сол жерде мені аман алып қалыпты айтуларынша. Менің есімде түк жоқ. Жиырмадан астам клиникалық өлімге түсіппін", - дейді емделуші Луиза Сковородова.

26 рет жүрегі тоқтаған Луиза Сковородованың жүрек соғуы дұрыс емес деген диагноз бұған дейін қойылған. Бірақ сәбиін босанған соң, клиникалық өлімге түскен келіншекті бұл жолы ақ халаттылар аман алып қалған. Денсаулығы түзелген Луиза жары мен қызына қайтып оралады.

"Бір түнде тек 20 үстінде жүректің тоқтамасы болды. Дер кезінде көмек көрсетіліп, кардиологиялық орталыққа әкелінді. Бүгінгі күннің инновациялық енгізу жүйелері болып отырған жүректің кардиостимуляторы деп айтылып отырған кардиостимулятор қойып, пациентіміз аяғына тұрып, жанұясына бара жатыр", - деді Облыстық перинаталдық орталығы директорының меңгерушісі Тәрбие Жұмашева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/291742-ylyn-bosangan-ejeldin-yjky-kezinde-zhyregi-toktap-kaldy/

pixel