KZ

ОҚО-да қатаң тәртіптегі түрмеде 700-дей сотталушы бүлік шығарды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстанда түрмедегі сотталушылар бүлік шығарды. Төлеби ауданындағы ИЧ 167/9 қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 700-дей қылмыскер, жоспарлы тінтуге қарсы шығыпты.

КТК арнасының хабарлауынша, жаппай тәртіпсіздікті басу үшін әскер шақыртуға да тура келген. Бірақ түрме тәртібіне сай жүргізілген тінту дегенге сотталушылардың жақындары сенер емес. Бір топ ағайын-туыс тәртіп сақшыларын күш көрсетті деп айыптауда.

Төлеби ауданындағы түзеу мекемесіне барар жалғыз жолда полиция қызметкерлері тірі жанды өткізбей тұр. Алайда, түрмедегі туыстарынан хабар білгісі келгендерге ол да бөгет болатын емес. Бірлі жарым бағынбаған әйелдерді шыныққан тәртіп сақшылары тездетіп тезге салып жатыр.  Жол үстінде жиналған жұрттың айтуынша 167/9 қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде жаппай тәртіпсіздік орын алғанына екі күн болған. Темір тордағы тәртіпке наразылық білдіргендерді басу үшін әскер де шақыртылыпты.Бұл мекемеде жеті жүздейқылмыскер жазасын өтеуде. Өңірдің Қылмыстық атқару жүйесінің басшылығы "түзеу мекемесінде заңсыз заттарды тәркілеу бойынша жоспарлы шара өткізілді" дейді. Бұл тінтуге 90-ға тарта сотталушы қарсылық білдірген. Оларға  күш қолданылғанымен құрбан болғандар мен жарақат алғандар жоқ."Тінту іс шараларын жүргізу барысында бірқатар сотталушылар бағынбаушылық білдірді. Оларға заңға сәйкес күш қолданып, заңсыз заттар тәркіленіп алынды", - дейді ОҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Теңізжан Жәнібеков.

167/9 түзеу мекемесінде тінту шараларының әлі де жалғасып жатқанын алға тартқан түрме басшылығы кіруге рұқсат берген жоқ.  Ал іште болып жатқанның жоспарлы шара екеніне сенбеген  сотталғандардың туыстары әскермен қақтығыс кезінде бірнеше жазасын өтеушінің қаза болғанын айтады.

Новости Казахстана
ОҚО-да қатаң тәртіптегі түрмеде 700-дей сотталушы бүлік шығарды
Mailfire view pixel