KZ

Елімізде алғашқы спорт телеарнасы 1 шілдеде өз жұмысын бастайды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Соңғы ақпараттарға қарағанда 1 шілдеден бастап отандық тұңғыш "KAZSPORT" спорттық телеарнасы өз жұмысын бастайды.

Бұл туралы кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайты хабарлады, деп жазады "Айқын" газеті.

"1 шілде күні қазақстандықтар кең ауқымды хабар тарататын Қазақстандағы алғашқы спорт арнасының жұмысына өз бағаларын бере алады" деп хабарлады "Қазмедиа орталы­ғы­ның" сайты.

"KAZSPORT" телеарнасы көптеген байрақты бәсекелер­ден хабар беретін болады. Чемпионаттар мен республика кубоктарын, халықаралық турнирлерді, түрлі матчтар­ды, жарыс орындарынан қызықты хабарларды, жеңімпаздар­мен, жеңіліс тапқандармен, ұйымдастырушылар­мен сұхбаттарды, даңқты спортшылардың қатысуымен сюжеттерді көрсетеді.

"Қазмедиа орталығы" "Қазақстан" Ұлттық телеарнасымен бірлесіп, 15 маусымнан бастап тестілік режимде хабар таратуды жоспарлап отыр.

Новости Казахстана
Елімізде алғашқы спорт телеарнасы 1 шілдеде өз жұмысын бастайды
Mailfire view pixel