KZ

Назарбаев жаңа әлем құрудың 5 негізгі қағидатын атады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында VI Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әлем құрудың 5 негізгі қағидатын атады.

"Жалпы, көптеген мемлекеттер, Ұлы елдер де, кіші елдер де 21-ғасырда жаңа әлем құру ісіне өз үлесін қоса алады. Ол 5 негізгі қарапайым қағидатқа негізделген", - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы атап өткен бірінші қағидат - эволюциялық және революциялық өзгерістерден бас тарту. Екіншісі - әділеттілік, теңдік және консенсус. Үшіншісі - жаһандық толеранттық және сенім. Төртіншісі - жаһандық транспоренттілік. Бесіншісі - сындарлы көпполярлық.

"Осыған негізделе отырып 21-ғасырда әрбір жаһандық проблема бойынша ортақ сұхбаттастық құрып, барлық қатынасушылармен тиімді шешім табуға болады", - деді Н.Назарбаев.

Новости Казахстана
Назарбаев жаңа әлем құрудың 5 негізгі қағидатын атады
Mailfire view pixel