KZ

Алматыда жезөкшелер ордасын басқарған әйел ұсталды

Расcказать Вконтакте

Алматыда жезөкшелер ұясы табылды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Осы аптаның дүйсенбісінде Алматы қаласы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел алдын алу шараларын өткізу барысында жезөкшелер үйін ұйымдастырып, басқарып отырған 39 жастағы алматылық әйелді ұстаған.

Ұсталған кезде әйелден қыздарды интимдік қызметке жалға беруден түскен ақша табылған. Жеңгетайдың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Новости Казахстана
Алматыда жезөкшелер ордасын басқарған әйел ұсталды
Mailfire view pixel