KZ

Қазақстанда психотроптық заттар емін-еркін сатылуда

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Абайлаңыз "Салподеин"! Қазақстанның ауруханалары мен дәріханалары психотроптық заттарды емін-еркін сатуда.

Атап айтсақ, Атырау, Алматы, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан аймақтары – сауданың қызу ордасы. Ішкі істер министрлігі ірі қылмыстың бетін жуықта әшкереледі.

"Допинг" жедел-алдын алу іс шарасы кезінде заңсыз шетелден әкелініп, айналымға түсіп үлгермеген 1500-ға жуық дәрі-дәрмек тәркіленді. Нақтыласақ, 12 факті бойынша "кодеин" құрылымды зат сатылымға шыққан. Осындай заттарды өткізген бес жүз кәсіпкерлік орыны нақтыланды.

Ал астаналық емхананың бірінің меңгерушісі "реланиум" дәрілік препаратына заңсыз қолданылым қағазын жазып берген. Қаланың Сейфуллин көшесінде орын тепкен дәріхананың бірінен саудаға "Салпедеин" таблеткасы еркін жүрген. Алғашқысына қылмыстық іс қозғалса, екіншісіне әкімшілік жаза тағайындалды.

Басбұзар дәріліктерді "Алматынефтехимик" және "Жылыоймұнайгаз" компания репутациясынан қысылмай тонналап өндірген. Алайда жалпы ахуал тұрақты.

"Жалпы ағымдағы төрт айдың есірткі ахуалы тұрақты. Ішкі істер органдары есірткі бизнесі саласында жалпы 1577 қылмысты анықтады. Оның ішінде 957 есірткі сату фактісі бар", - ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің бөлім бастығы Ерлан Уатаев.

Новости Казахстана
Қазақстанда психотроптық заттар емін-еркін сатылуда
Mailfire view pixel