KZ

Республикада қанша адам орташа жалақы алады?

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Baq.kz ақпараттық порталы ҚР Статистика Агенттігіне "Республикада қанша адамның айлық жалақысы орташа жалақыдан төмен?" деген сауал жолдады.

Агенттік департаментінің директоры Е. Евстафьевтен төмендегідей мазмұнда жауап келді: Қазақстан Республикасындағы есептелген жалақы мөлшерлері бойынша қызметкерлер санын бөлу бойынша бірыңғай зерттеу жұмыстары ҚР Статистика Агенттігімен екі жылда бір рет жүргізіледі.

2011 жылдың маусымында өткізілген зерттеудің қорытындысы бойынша республикадағы қызметкерлердің көпшілігінде орташа айлық жалақысының шамасы 15 001-ден 75 000-ға дейін ауытқыды.

Қызметкерлердің 34,4%-нда орташа айлық жалақысы 15 001-ден 45 000 теңгеге дейін құрады, 31,1% - 45 001-ден 75 000 теңгеге дейін, 16,2% - 75 001-ден 105 000 теңгеге дейін, 14,8% - 105 001-ден 240 000 теңгеге дейін, 3,5% - 240 001-ден және жоғары.

"Қазақстан Республикасындағы есептелген жалақы мөлшерлері бойынша қызметкерлер санын бөлу" бюллетенінің электрондық нұсқасы осы статистикалық байқаудың нәтижелерін тереңірек зерделеу үшін www.stat.gov.kz сайтында "Жарияланымдар", "Бюллетендер", 12 серия "Халықты жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу" бөлімінде орналастырылған.

2013 арналған Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес аталған статистикалық зерттеудің қорытындысы бойынша деректер ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде жарияланады.

Новости Казахстана
Республикада қанша адам орташа жалақы алады?
Mailfire view pixel