KZ

Семей тұрғындары қара шайдан коньяк жасаған

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Семейде коньякты спирт пен қара шай араластырып дайындағандар ұсталды. КТК арнасының хабарлауынша, екі сыбайлас қаладағы гараждардың бірін еліміздегі танымал спиртті ішімдіктер шығаратын зауытқа айналдырған.

Қаржы полициясы "әп" дегенде 2 мыңға жуық арам суға толы бөтелке мен 6 мыңнан астам жалған акциздік маркі тәркілеген. Былтырдан бері сапасыз ішімдік дайындауды жолға қойғандар делдал арқылы қаладағы ірілі-ұсақты дүкендерге өнімдерін таратқан.

Коньяк әзірлеу үшін олар спирт пен кәдімгі қара шайды араластырыпты. Сырт көзге айырмашылығы аса байқалмайтын оларды еш қиындықсыз саудалаған. Жалпы денсаулыққа қауіпті тауардың қаншасы сатылып кеткені әзірге белгісіз.

Тәртіп сақшылары дүкендерді де тексеруге көшті.

Новости Казахстана
Семей тұрғындары қара шайдан коньяк жасаған
Mailfire view pixel