KZ
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына жыл соңына дейін кіреді
Новости Финансы

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына жыл соңына дейін кіреді

Расказать Вконтакте

Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына тұрақты мүшелікке осы жылдың соңына дейін өтпек.

Бүл туралы Астанада өтіп жатқан Евразиялық іскерлік конгресс отырысында Экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді. Айтуынша, Ресеймен арада ортақ сауда режимін жүргізіп отырғандықтан, Қазақстан қазіргі күннің өзінде Дүниежүзілік Сауда Ұйымы аясына өтті деуге болады.

"Ресейдің әлемдік ұйым алдындады міндеттемелері бізге де қатысты" - дейді Жақсылықов. Дей тұрғанмен, Қазақстанның Сауда Ұйымына жеке мүшелігі бойынша келіссөздер әлі жалғасуда. Вице-министр шешілмеген 2-3 сұрақтың ғана қалғанын айтып, олардың шешілуі күрделі мәселеге жатпайтынын түсіндірді. Ал, сарапшыларды Сауда Ұйымына өту мерзімі ғана емес, тиімділігі және ықтимал әсерлері алаңдатып отыр.

Дүниежүзілік Сауда Ұйымының талаптары бойынша мүше-мемлекеттер өнім өндіру стандарттарын ғана емес, өнімдерді саудалау тарифтерін де теңестіруі тиіс. Отандық экономистер ішкі өндірушілердің әзірлігі мәселесін ұдайы көтерумен жүр.

Кенжеғали Сағадиев, экономист: Біз ДСҰ-ға кіреміз, бірақ біздің проблема - ауылшаруашылығымыздың дамымағаны.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии