KZ
Тимур Құлыбаев бизнесмендерді қайырымдылықпен айналысуға шақырды
Новости Финансы

Тимур Құлыбаев бизнесмендерді қайырымдылықпен айналысуға шақырды

Расказать Вконтакте

Қазақстандық бизнесмендердің беделін көтерейік. "Атамекен" одағы ұлттық палатасының басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев кәсіп иелеріне осылай деп үндеу тастады.

Бұл жайлы Алматыда өткен кәсіпкерлердің бейресми кездесуінде айтылды.

"Қуатты экономикасыз қуатты саясат болмайды" дей келе Тимур Құлыбаев ел дамуы тек мұнай газ секторына тәуелді болып қалмауы керектігін алға тартты. Ол үшін шағын кәсіпкерлікті дамыту, әсіресе бұл істі аймақтарда мықтап қолға алу кезек күттірмейді.

Сондай-ақ, басқосуда бизнесмендердің абырой-беделін көтеру жайы қозғалды. Құлыбаев мырзаның пікірінше, отандық кәсіпкерлердің озық имиджін қалыптастыру қажет.

Мәселен, Америкада бизнестің ірі "капитандары" аса беделді азамат ретінде танымал, былайғы жұрт соларға қарап бой түзейді. Олар қайырымдылық бағыттағы шараларда аса белсенділік танытады деді басқарма төрағасы.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии