KZ

Семейліктер Қайрат Нұртастың анасын сотқа бермекші

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Жас әнші Қайрат Нұртастың Семейде өтпей қалған ән кеші төңірегіндегі кезекті дау. КТК арнасының хабарлауынша, бұл жолы әртістің концертін тамашалай алмаған жұрт оның анасы әрі продюсеріне ашулы.

Өйткені Гүлзира Айдарбекова арнаның "Наша правда" бағдарламасында баласының Семейде өтпей қалған концертіне ренжіген жергілікті зиялыларды "базар жұмысшылары" деп атаған еді. Енді осы сөзі үшін олар жұлдыздың анасын сотқа беруге бекінген.

Былтыр ақпан айында Қайрат Нұртастың Семейдегі ән кешін тағатсыздана күткен жұрт сан соғып қалған болатын. Қатарынан 2 концерт береді деген жұлдыз, біріншісінен кейін сахнаға шықпапты. Екіншісіне билет алған көрермендер сол күйі жас әншіні көре алмай, шу шығарған еді. Ал Қайраттың анасы балам шаршап қалды деп ақталды.

Артынша өнер жұлдызы арнамыздың "Наша правда" бағдарламасына да шақырылған. Хабар барысында әншінің продюсері Семейдегі дауды "Базарда тұратын әйелдер әдейі көтерді" деді.Қайрат Нұртастың концертін көре алмай кеткен семейлік Гүлжанар Кәкімжанқызы оның анасының сөзінен кейін төбеме жай түскендей болды дейді. Кафедра меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты өзін "базардағы әйелге" теңегеніне ашулы."Қайрат Нұртастың анасының көзқарасы бойынша, базардың адамдары немесе базардың әйелдері деген ең соңғы адамдар ма? Әлде ондай мамандық жоқ па? Мен осыны өз басым ұқпадым. Неге базардың әйелдері деп келемеждеп айтады!? Ар-ожданымызға өйстіп тигені үшін біз сотқа беруге дайынбыз", - дейді Семей тұрғыны.

"Шешесі "Базарный бабалар" осыны ұйымдастырған деп жатыр. Осының өзі сол кісінің адамға деген, жұртқа деген көзқарасының теріс пиғылда екенін байқатады", - деп қосылды Семей қаласының тұрғыны Арқат Мұхамеджанов.

Ал гастрольден қолы тимейтін әншінің анасына хабарласқанымызда,  ешкімді келемеждеген жоқпын, ешкімнен кешірім сұрамаймын деп шорт кесті."Олар "базардың" деген сөзге сонша қадалып тұр. Ал сонда менің 62 тамырымды жарып шыққан баламның суретін жыртып, жерге таптап, бүкіл халыққа мазақ еткендері менің жүрегіме қалай тиді екен?! Соны біле ме екен?! Дәл осы үшін мен кешірім сұрамаймын!" - деді Гүлзира Айдарбекова телефон арқылы.

Қайраттың анасы тіпті өзі де базарда жұмыс істегенін жасырмады. Бұл келеңсіз жағдайға қарамастан Семейде тағы ән кешін өткізуге дайын екенін білдірді. Ал "намысы қорланған" семейліктер өнер жұлдызын сахнада емес, сот залында күтеміз,- дейді.

Новости Казахстана
Семейліктер Қайрат Нұртастың анасын сотқа бермекші
Mailfire view pixel