KZ

Бердібек Сапарбаев: Жергілікті азаматтардан Өскеменді басқарар тұлға жоқ

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Вице-министр Саят Шаяхметовке "Өскемен қаласындағы білім мекемесінің құрылысына бөлінген 1,5 миллиард теңге қаржыны жымқырды" деген айып тағылған соң, үш күн өтпей  Өскемен қаласының әкімі өз еркімен орнынан  кеткен.

Серік Тәукебаевтің  1,5 миллиард теңгеге қатысы бар-жоқ екендігі белгісіз. Бірақ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі жерлестерінің арасынан тағы бір таңдау жүргізуі мүмкін.

Өйткені Бердібек Сапарбаев Оңтүстіктен болмаса, жергілікті азаматтардан Өскеменді басқарар тұлға жоқ деп есептейді.

Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі: (4.05.2012 ж.)"Шынымды айтсам енді мына өскемендіктердің мына көңіліне келмесін. Ондай адам бұл жерде болмады".

Айта кетейік, Серік Тәукебаев та Өскемен қаласы әкімінің қызметіне тағайындалмас бұрын, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс қаласын басқарған.

2009 жылы  Оңтүстік  Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Ислам Әбішев Өскемен қаласына әкім болып тағайындалғанда, Тәукебаев та Шымкенттен Өскеменге ауысып, Сапарбаевтың командасын толықтырған болатын.

Әзірге Өскемен әкімі міндетін атқарушы болып, Владимир Головатюк тағайындалды.  

Новости Казахстана
Бердібек Сапарбаев: Жергілікті азаматтардан Өскеменді басқарар тұлға жоқ
Mailfire view pixel