KZ

"Қара жорға" ЮНЕСКО тізіміне қазақ елінің рухани мұрасы ретінде енеді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қазақтың қара жорғасы, ортеке ойыны мен "Қыз Жібек" эпосы күллі адамзаттың мұрасына айналады.

Фото: Алаш айнасы

Бұл туралы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысында белгілі болды.

Бүгінде Қазақстан 15-тен астам мәдени мұраны ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізу бойынша ұсыныстар дайындап жатыр.

Соның ішінде ұйым тізіміне материалдық емес мұраны ұсынуда еліміз алғашқы қадам жасады. Биыл жыл соңына қарай халықаралық комиссияның отырысында "Қара жорға" биін тізімге енгізу туралы мәселе қарастырылады.

ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов комиссия оң шешім қабылдайтынына сенімді.

"Мен "Қара жорға" биі Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енетіне сенімдімін. Себебі, "Қара жорға" биіне Қазақстанмен ешкім менікі деп таласқа түсе алмайды. Болашақта қазақтың "Қыз Жібек" жырын енгізу жоспарда бар. Бұл ұлттық комиссияның ұсынып отырған тізімнің тек бастамасы ғана. Бәрі әлі алдыда", - деді ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов.

Новости Казахстана
"Қара жорға" ЮНЕСКО тізіміне қазақ елінің рухани мұрасы ретінде енеді
Mailfire view pixel