KZ

Қазақстан азаматтары Барак Обамаға ашық хат жазды

Расcказать Вконтакте

Ашық хатта "Бостондағы жарылысты тергеуге кедергі жасамақ болды" деп айып таққан Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевқа қатысты тергеу жұмыстары мен соттың әділ болуы талап етілген, деп хабарлайды muslim.kz.

 

Фото: Азаттық

"Біз осы екі Қазақстан азаматына тергеу мен соттың әділ өтуін талап етеміз. Бұл құқықтар халықаралық құжаттарда, оның ішінде АҚШ ратификациялаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактісінде бекітілген. Сондықтан, АҚШ‑ты осы іске байланысты өз халықаралық міндеттерін орындауға шақырамыз", – делінген ашық хатта.

Хатта "біз экстремизмнің кез келген түріне қарсымыз және де лаңкестік әрекеттердің ешқайсысын қолдамаймыз. Біз бейбітшілік өмір, достық пен әріптестікті қалайтын және қолдайтын мемлекет азаматтарымыз", – дей келе, хатқа қол қойған азаматтар адам құқықтарының сақталуын, Қазақстан азаматтарына тиесілі құқықтық көмек көрсетілуін, сондай-ақ Федералды Тергеу Бюросының (Federal Bureau of Investigation, FBI) және АҚШ Бас Прокуратурасының (United States Attorney General) ресми мәлімдемесінің жариялануын талап етті. Хатты қолдаушылардың арасында жазушы, публицист, кинорежиссер, ақын, қоғам белсенділері, құқыққорғаушылар, саясаттанушылар, заңгерлер, тілшілер бар екен.

Атап айтқанда: Бахтияр Албани, жазушы, публицист,Ербол Жұмағұлов, кинорежиссер, ақын, жазушыҚұрманғазы Рахметов, қоғам белсендісіБолат Төлепбергенов, жазушы, қоғам белсендісіЖангелді Шымшықов, профессорҚажымұқан Ғабдолла, "Қазақ елі" қозғалысының төрағасы, саясаткер Әсел Нұрғазиева, құқыққорғаушы, "Заман" ҚБ төрайымы Ұлан Шамшет, қоғам белсендісіЖанбота Қарашолақов, саясаттанушы Бақтығұл Қанатов, заңгер, құқыққорғаушыАмангелді Қалыбек, саясаттанушыМарат Уатқан, тілші, қоғам белсендісіБақытгүл Мәкімбай, тәуелсіз тілшіМахамбет Әбжан, "Шаңырақ" РҚБ төрағасы

Новости Казахстана
Қазақстан азаматтары Барак Обамаға ашық хат жазды
Mailfire view pixel