KZ

Депутаттар өз баласына жөнді қарамайтын ата-аналарды жөнге салуды ұсынды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Кейбір балалар ата-ананың кесірінен педофилдің құрбаны болады.

Өткен аптада Мәжіліс депутаты Қайырбек Сүлейменов осындай тың мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, өз баласына жөнді қарамайтын ата-аналарды да жөнге салу қажет. Сондай-ақ педофилдерге қолданылатын жазаны қатаңдату керек.

"Негізінде мұндай жағдайларға ата-анасының қарауынсыз жүретін балалар душар болады. Сондықтан барлық кінәні мектепке, оқу орындарына жаба салу меніңше дұрыс емес. Бірінші кезекте өз баласы үшін әр ата-ана жауапты", - деген пікірде халық қалаулысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, Қайырбек Сүлейменов елімізіде өлім жазасына мараторий жарияланса да, кейбір қылмыс түрлері, әсіресе, балаларға қарсы жасалған қылмыстар ең жоғарғы жаза түріне кесілуі керек екендігін жеткізген еді.

 

Новости Казахстана
Депутаттар өз баласына жөнді қарамайтын ата-аналарды жөнге салуды ұсынды
Mailfire view pixel