KZ

Алматыда бір күнде жүзге жуық саудагер жұмыссыз қалды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Алматыда бір ақ күнде жүзге жуық саудагер жұмыссыз қалды. "Барахолка" атанып кеткен базардың етегіне жайғасқан жабайы базар жабылды.

Дұрысы, жергілікті билік шағын сауда нысанын "заңсыз" деп танып, таратты. Айта кету керек, кешегі күнге дейін базардың жабылуына қарсы, жиі наразылық шарасына шыққан елдің еңсесі түспеп еді. Бірақ "жерге жанармай төгіп, көлікке бензин шаштың" деп наразы топтағы төрт белсендіні  полиция қамап тастағалы, өзге сатушылардың де берекесі кетті.  Ақыры, түнде жұмыс орындарын тастай, үдере көшті. Аудан атқамінерлері болса, о баста саудагерлерге берген уәделерінен де айныды.

Осы аптаның басында "өз-өздерін өртейміз" деп өрекпіген еді ел. Тіпті, "баламызды нанынан айырмасын!" дегендер, сауда нысанын сүруге келген техникаға жанармай шашып, жағып жіберуге де әрекет етті. Сол кезде ашынған елді сабырға шақырудың орнына, құзырлы орган қызметкерлері болған жайтты ұялы телефондарына түсіріп, әуреге түскен болатын.

"355-бап бойынша, екінші бөлімі бойынша, жергілікті билік өкілдеріне бағынбай деген айып тағылып отыр", - дейді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ермек Болтаев.

Төрт саудагері  құқық қорғау қызметкерінің құрығына ілінгесін, өзгесі, базардың ең болмаса, екі ай жұмыс істей тұруын талап етті. Тек Алатау аудандық әкімдігінің  ғимаратын аралап шықса да, тілектерін тыңдай қояр шенеунік таппады. Сабылып, базарларына келсе, әкімдік өкілдері, "қарсы шыққаның қамаласың дегесін"  ел үдере көшіп жатыр.Саудагерлердің сөзінше, о баста әкімдік өкілдерінің өздерінің ұсынысымен ашылған базардың базары тарқады өстіп. О баста ашынған елді сабырға шақыруға келген, Алатау аудандық сауда бөлімінің бастығы, неге екенін, сол кезде саудагерлерге біздің көзімізше берген уәдесінен де айнып қалған.

Бүгін жүзге жуық кәсіпкердің кәсібінің күл талқаны шықты. Соңғы тиынын саудаға салған саудагерлер базардан үдере көшіп жатыр. Бұған дейін олар талаптарын айтып, жол да жапты, ашынды, тіпті, өз өздерін өртемек те болған. Бірақ, ол әрекеттерінен түк шықпады. Соңғы сәтке дейін жергілікті әкімдіктің қайырымынан дәмелі еді. Бірақ бүгін ол үміттері де сөнді. Онымен бірге билікке деген сенімдері де жоғалды.

Новости Казахстана
Алматыда бір күнде жүзге жуық саудагер жұмыссыз қалды
Mailfire view pixel