KZ

Моңғолияда ұлты қазақ саясаткер "шпион" деп айыпталуда

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Моңғолиядағы ұлты қазақ саясаткер, лауазымды қызметтер атқарған қандасымыз Сайран Қадырұлы "шпион" деп айыпталуы мүмкін деп жазады, сол елдің басылымдарына шолу жасап шыққан zhebe.com сайты.

"Кешеден бері моңғолиялық ақпарат құралдарында осы елдің Кувейттегі елшісі, Моңғолия Ұлы қуралының (парламенті) депутаты болған қандасымыз Сайран Қадырұлының үстінен іс қозғалып жатқандығы туралы ақпараттар тарады. Оған "отанын сатты, шпиондық жасады" деген айып тағылуы мүмкін" деп көрсетілген жазбада.

"Өткен жылы да Сайран Қадырұлы Кувейттегі Моңғолияның төтенше және өкілетті елшісі қызметінде жүргенде "тыңшы" деген айып тағылғаны жөнінде ақпараттар жарық көрген.

Кейін С.Қадырұлы ақпарат құралдарына сұхбат беріп оны жоққа шығарған. Енді міне, бұл әңгіме қайта өршіді. Әзірге, Сайран Қадырұлының қайда екендігі нақты белгісіз", деп түйіндейді мақала авторы.

Новости Казахстана
Моңғолияда ұлты қазақ саясаткер "шпион" деп айыпталуда
Mailfire view pixel