KZ

Қазақфильм "қалқанқұлақтарға" кастинг жариялады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жұмыс атауы "Экстрим журналист" деп аталатын режиссер Әділхан Ержановтың жаңа фильміне кастинг жариялады, деп BNews.kz-ке режиссердің өзі хабарлады.

Фильмді түсіру тобының сөздеріне қарағанда, қазір эпизодтық рөлдерге іріктеу жүргізіліп жатқан көрінеді. Сценарийге сәйкес режиссер түр-тұлғасы мен бет-пішіні ерекше (қалқанқұлақ, үлкен мұрынды, қалың иекті, ерні үлкен) жандарды іздестіруде екен.

"Фильм сценарийі, көрсетілімі, актерлердің ойнауы жағынан қызық сәттерге толы. Біз бұл фильм тек Қазақстан көрермендерінің ғана емес, сондай-ақ одан тыс аудиторияның көңілінен шығады деген үміттеміз", - дейді актерлер бойынша асистент Марат Махан.

Фильм екі тілде жүреді: қазақ және орыс тілдерінде.

Новости Казахстана
Қазақфильм "қалқанқұлақтарға" кастинг жариялады
Mailfire view pixel