KZ

Қазақстанда жалғызбасты әкелер көбейіп келеді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Темір жол вокзалы. Орта жастағы ер кісі ары-бері өткен әйелдерге жалынып, бірдеңе сұрап жүр. Жолға шыққан адамның бәрі асығыс, көбі бұрылып қарамастан кетіп жатыр.

"Ақша сұрап жүр ме" десең, киім киісі қайыршыға келмейді. Бұл жанындағы төрт жасар қызын әжетханаға апара алмай жүрген әке болатын. Ерлердікіне апарайын десе, ыңғайсыз, ал әйелдерге арналғанына кіруге тағы болмайды. Міне, асырауында балалары бар жалғызбасты әкелердің өмірінде кездесетін көп қиындықтың бұл бірі ғана. Өкініштісі, елімізде соңғы кезде әйелі тастап кеткен балалы еркектер артып келеді. Тіпті Қызылжарда жалғызбасты әкелердің клубы да құрылып үлгерді.

Бүгінгі қоғамда тұл жетім де, жартылай жетім де жетіп-артылады. Жастардың үй­лену көрсеткішін ажырасып жатқандар өк­шелеп келеді. Статистика департаментінің ақпа­ратынша, 2012 жылы тек Солтүстік Қа­зақ­стан облысының өзінде 2024 отбасы ажы­­расыпты, ал шаңырақ көтергендер саны – 4813. Салыстырмалы түрде қарасақ, жараспаған жұптар бір жыл бұрынғы көр­сеткіштен 7,8 пайызға көбейгенін аңға­рамыз.

Және шаңырағы ортасына түскен отбасылардың 57,8 пайызы қалалық жерлерге тиесілі екен. Қазақтың "үйлену оңай,  үй болу – қиын" деген мақалы кері­сінше сипат алғандай, қазір ажырасу оңай, ал үйлену қиындап кетті. Бір шаңырақ астында тұрған қысқа мерзім ішінде өмірге келген сәбидің ертеңін ойлауға мұршат жоқ.

Жалғызбасты ана ұғымы қоғамымызға сіңгелі қашан? Жетімін жылатуды ар көрген арда қазақтың әмеңгерлік салты жойылғалы бері балаларын әкесіз-ақ өсіріп шығаратын аналар көбейгені рас.

Ал соңғы уақытта жалғызбасты әкелер де артып келеді. Қызылжар өңірінде 300-ден астам әке балаларын жалғыз өзі асырап отыр. Және бұл толық статистикалық мәлімет емес. Ер-азамат басындағы қиыншылықты жұртқа аса жариялай бермейтінін ескерсек, әке орнына – әке, ана орнына ана болып отыр­ған жігіттердің қатары әлдеқайда қалың екенін аңғару қиын емес.

Мақаламыздың кейіпкері де дос-жараннан намыстанатынын айтып, аты-жөнін өзгертіп беруді өтінді.

Мұрат Ахметов (аты-жөні өзгертілген) әскерден келгеннен кейін көп уақыт өтпей теңін тапқан еді. Көпке үлгі боларлықтай отбасын құрып, бір ұл, бір қыз сүйіп үлгерді. Алайда бақыттары баянды болмады. Қалада өскен қыз ескі қылығына басып, құрбыларымен қыдыра­тынды шығарды. Арақ пен темекіге әуестігі бар екенін де байқатып алған. Мұның бәріне шыдаған Мұрат жұрттың пыш-пыш әңгімесіне шыдай алмады, келіншегінің жеңіл жүріске түскенін білген ол бірден ажырасуды ұйғарды. Балаларын да сот арқылы өзінде қалдырыпты.

"Әйеліммен ажырасқан соң ағайын­дарымыз екінші рет үйленуімді өтінді. Жас болсам да ойлана келе, ары қарайғы өмірімді қос құлыншағыма арнауды ұйғардым. "Аузы күйген үрлеп ішеді" демекші, ертең алғаным балаларыма қабақ шыта қарайтын болса, мен қалай шыдамақпын? Бала – Алланың берген сыйы. Ал әйел қайдан да табылады. Тамақты да өзім пісіріп, кірді де өзім жуамын. Бүгінде қос құлыншағым мектеп табалдырығын аттады", - деп ағынан жарылды жалғызбасты әке.

Әйеліммен ажырасқан соң ағайын­дарымыз екінші рет үйленуімді өтінді. Жас болсам да ойлана келе, ары қарайғы өмірімді қос құлыншағыма арнауды ұйғардым.

Елімізде Мұрат сияқты бала асырап отырған әкелер саны көбейіп келеді. Қанша жерден қамқор болам дегенімен, алдан қиындықтар кездеспей тұра ма? Әсіресе қыз бала өсіріп отырған әкелерге оңай емес. Сондықтан Қызылжа

Солтүстік Қазақстан облыстық Балалардың құқығын қорғау департа­ментінің жанынан құрылған клубтың мүшелері көбейіп келе жатыр. Аталмыш департаменттегі бөлім бастығы Ольга Черепанованың айтуынша, жалғызбасты әкелердің жартысына жуығы қазақ ұлтының өкілдері екен.  Ольга ЧЕРЕПАНОВА, Солтүстік Қазақстан облыстық Балалардың құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы:  – Біз мемлекеттік мекеме болған соң әртүрлі көмектер көрсетеміз. Заң тұр­ғысынан да, сондай-ақ психоло­гиялық ақыл-кеңестер сұрап келетін әкелердің аз емес екенін аңғардық. Көбінің басын­дағы қиындықтар ұқсас, сондықтан олардың басын қосып клуб құруды ұйғардық. Бір аңғарғаным, ұлты қазақ азаматтар да қатарда өте көп. Ажырасу қазақ халқына жат қылық екенін білемін. Дегенмен біздің клубтың тұрақты мүшесі болып табылатын 20 шақты әкенің тең жартысы қазақтар. Тоқсан сайын кез­десеміз және бұл кездесулерге басқа да ведомстволардың, мысалы, әлеу­меттік қорғау, денсаулық сақтау, құқық қорғау сияқты мекемелер өкілдерін шақы­рамыз.

Ольга Черепанованың айтуынша, атал­мыш отбасылардың әлеуметтік жағдайы мәз болмағанымен, осы үш жылдың ішінде бірде-бір әке алақан жайып, ақша сұрай келмепті. Бұл да болса әкелердің біреуге қол жаюды намыс көретіндігінен болса керек. Біздің елде отбасын тастап кеткен әкелерге ай сайын алимент төлетіп жатады. Ал дәл осындай қылық жасаған аналар баласына ақша жіберіпті дегенді мүлдем естімеппіз.

Новости Казахстана
Қазақстанда жалғызбасты әкелер көбейіп келеді
Mailfire view pixel